Главная » 2026 » Май » 28


Шили ауылдық кітапханасында Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «Бас иіп тағзым етеміз-Алаштың арыстары» атты тарихи естелік сағаты өтті. Іс-шараға жоғары сынып оқушылары қатысты. Кездесудің мақсаты — өскелең ұрпақты еліміздің тарихындағы қасіретті беттермен таныстыру, халықтың бостандығы мен тәуелсіздігі жолында жазықсыз зардап шеккендердің рухына тағзым ету, сондай-ақ отансүйгіштік пен азаматтық жауапкершілік сезімін тәрбиелеу. Балалардың назарына  кітап көрмесі ұсынылды. Оның орталық бөлігінен «Алаш» қозғалысының көшбасшылары мен Қазақстанның көрнекті қоғам қайраткерлеріне арналған еңбектер орын алды. Кездесудің дәйексөзі ретінде көрмеге қойылған мына бір жан ... Читать дальше »

Просмотров: 22 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 28.05.2026 | Комментарии (0)


Науырзым ауылдық кітапханасы ұйымдастыруымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні қарсаңында “Зобалан жылдар жаңғырығы” атты тарихты еске алу кеші өткізілді. Қуғын-сүргін, ашаршылық ел тарихында ең қасіретті оқиғалардың бірі болып саналады. Шара барысында қатысушылар халқымыздың басынан өткен ауыр кезендер туралы мәлімет алып, жазықсыз жапа шеккен арыстардың өмір жолымен танысты. Тарихи сөздер айтылып, естелік сөздер оқылды. Кештің мақсаты- өткен тарихты ұмытпай, жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік пен елжандылық қасиеттерін қалыптастыру, қилы заманда құрбан болған жандарды құрметпен еске алу. Саяси қуғын сүргінге ұшыраған ақын-жазушылардың ерлігін, үлгі-өнеге ету .

Просмотров: 13 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 28.05.2026 | Комментарии (0)


Шолақсай ауылдық кітапханасында көрнекті ақын, жазушы, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтың 90 жылдығына арналған «Аз и Я» атты портрет кеші өтті. Іс-шара барысында қатысушылар қаламгердің өмірі мен шығармашылығымен танысып, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің дамуына қосқан зор үлесі туралы мағлұмат алды. Әсіресе әдебиет пен тарих кеңістігінде ерекше орын алған «Аз и Я» шығармасына ерекше назар аударылды.
Кеш қонақтары ақын өлеңдерін оқып, шығармашылығы жайлы ой бөлісіп, тақырыптық кітап көрмесімен танысты. Іс-шара оқырмандардың дүниетанымын кеңейтіп, ұлттық әдебиет пен рухани мұраға деген құрметті арттыруға ықпал етті.

В Шолақсайской сельской библиотеке прошел вечер-портрет «Аз и Я&ra ... Читать дальше »

Просмотров: 14 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 28.05.2026 | Комментарии (0)


Оқырмандарды қазақ әдебиетінің көрнекті туындыларымен таныстыру, ұлттық құндылықтарды насихаттау, жас ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және тарихи-танымдық көзқарасын қалыптастыру. Сонымен қатар, қаламгер шығармалары арқылы ел тарихы, ұлт тағдыры, адамгершілік пен рухани тәрбие мәселелерін кеңінен насихаттау мақсатында Өлеңді ауылдық кітапханасында «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында «Тағдыр – ұлт тарихының көркем шежіресі» атты әдеби сағат өткізілді. Шараға ауыл тұрғындары қатысты.Шара барысында акцияның мақсаты мен маңызына тоқталып, биылғы таңдалған шығарма және оның авторы туралы мәлімет берілді. Әдеби кеш барысында жазушының өмірі мен шығармашылығы таныстырылы ... Читать дальше »

Просмотров: 34 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 28.05.2026 | Комментарии (0)


Вандализмнің қоғамға тигізетін зиянын түсіндіру, қоғамдық мүлікке ұқыпты қарауға тәрбиелеу, құқық бұзушылықтың алдын алу және заң алдындағы жауапкершілік туралы ақпарат беру мақсатында Өлеңді ауылдық кітапханасында «Вандализм дегеніміз не?» тақырыбында учаскелік полиция инспекторымен кездесу ұйымдастырылды. Шараға мектеп оқушылары қатысты.Кездесу барысында полиция инспекторы вандализм ұғымына түсінік беріп, оның түрлері мен қоғамға келтіретін зияны туралы әңгімеледі. Сонымен қатар қоғамдық орындарды бүлдіру, қабырғаларға рұқсатсыз жазу жазу, мүлікті сындыру сияқты әрекеттердің заң бойынша жауапкершілікке әкелетіні айтылды.Қатысушыларға нақты мысалдар келтіріліп, құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары түсіндірілді.

Просмотров: 19 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 28.05.2026 | Комментарии (0)


Жыл сайын елімізде өтетін «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында кітапханамызда Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтың шығармашылығына арналған “Тұп тамырға тағзым-Қабдеш Жұмаділовтың әлемі” атты әдеби керуен өткізілді.
Биылғы таңдау — тарихи тереңдігімен баурап алатын әйгілі «Тағдыр» романы.
Кітапханамыздың оқырмандары жазушының еңбектерімен жақын танысып, туған тарихымыздың маңызды беттерін парақтады. Кітапханадағы ең жылы сәттер — балалардың үлкен әдебиет әлемімен алғашқы таныстығы. Қабдеш Жұмаділовтың әрбір шығармасы — ұлттың рухы мен тарихынан сыр шертетін қазына. Дүниежүзілік қазақтардың басынан өткен тарихи кезеңдерді суреттейтін &l ... Читать дальше »

Просмотров: 13 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 28.05.2026 | Комментарии (0)

Мы в социальный сетях