Главная » 2026 » Май » 22


Мәдениет қызметкерлері күніне орай Науырзым ОКЖ бірқатар қызметкерлері марапатталды. "Қазақстанның құрметті кітапханашысы" төсбелгісімен Жаксимбетова Жанат Қапанғалиқызы, ҚР ұлттық кітапханасының алғыс хатымен Мухтарова Асем Аңсағанқызы,
IV облыстық «#ОқыЖәнеЖең» онлайн кітап оқу байқауын ұйымдастыруға үлес қосқаны үшін Қостанай облысының әкімінің алғыс хатымен Турлина Латифа Асылбековна, Қайрбекова Светлана Тоқтарқызы,
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының грамотасымен Вовченко Айнагүл Төлегенқызы, аудан әкімінің грамоталарымен Тасқынбаева Бийнегүл Төлетайқызы, Аралбаева Айгерим Базарбайқызы, Қорғамбекова Анар Ормантайқызы, Молдахметова Нүргүл Майлыбайқызы.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ ... Читать дальше »

Просмотров: 25 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 22.05.2026 | Комментарии (0)


Науырзым ауылдық кітапханасында  Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ҚР мәдениет қайраткері, Қазақстанның құрметті журналисі, Махмұт Қашқари атындағы түркі әлеміне сіңірген еңбегі үшін халықаралық сыйлықтың, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы халықаралық әдеби сыйлықтың және тәуелсіз «Алтын қалам» сыйлығының иегері, Қостанай облысының, Қостанай қаласының және Жітіқара ауданының құрметті азаматы, ақын, жазушы, драматург Шаяхмет Ақылбек Қожаұлының 75 жас мерейтойына орай "Ақынның балаларға арналған өлеңдері" тақырыбында мәнерлеп оқу іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында балалар ақынның тақпақтарын мәнерлеп оқып , ақынның шығармаларымен жақынырақ таны ... Читать дальше »

Просмотров: 17 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 22.05.2026 | Комментарии (0)


Шолақсай ауылдық кітапханасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Әділдік айнасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты – оқырмандарға адалдық, әділдік, парасаттылық құндылықтарын насихаттау, сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізер кері әсерін түсіндіру және құқықтық сауаттылықты арттыру.
Көрмеге заң, құқық, әділ қоғам қалыптастыру тақырыбындағы кітаптар мен мерзімді басылымдар қойылып, оқырмандар назарына ұсынылды. Кітапхана қонақтары адал еңбек пен адамгершілік қасиеттердің маңыздылығы туралы мағлұмат алып, өз пікірлерімен бөлісті.
«Әділдік айнасы» көрмесі оқырмандарды әділ қоғам құруға, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға үндеді.

В Шолаксайской сельской ... Читать дальше »

Просмотров: 13 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 22.05.2026 | Комментарии (0)


Отбасым – бақыт мекенім» атты сурет көрмесі Раздольный ауылдық кітапханасында ұйымдастырылып өткізілді. Отбасы құндылықтарын бейнелейтін әсем суреттерін ұсынды. Іс-шара барысында отбасының адам өміріндегі орны, ата-анаға құрмет, бірлік пен сыйластық туралы тілек айтылды.
Кітапханашы барлық отбасына зор денсаулық, бақ-береке, ынтымақ пен татулық тіледі. Ақ жаулықты аналарға балаларының қызығын көріп, ұрпағының қуанышына кенеле берсін деген ізгі тілектер білдірілді.

Просмотров: 18 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 22.05.2026 | Комментарии (0)


Отбасы күніне орай Дәмді ауылдық кітапханасында «Менің сүйікті жанұям» атты фото көрме сағаты ұйымдастырылып, мазмұнды әрі тағылымы мол шара өткізілді. Іс-шара барысында отбасы құндылықтары кеңінен насихатталып, қатысушылар арасында отбасы тақырыбындағы мақал-мәтелдерді жалғастыру сәті ұйымдастырылды. Кітапхананың тұрақты оқырмандары белсенділік танытып, өз ой-пікірлерімен бөлісті.
Сонымен қатар, оқырман балалармен бірге ауылымыздың ардақты анасы Жақсылық әженің шаңырағына арнайы барып, отбасы тәрбиесі мен ұлттық құндылықтар жайында әсерлі әңгіме өрбіді. Әжеміз жастарға өнегелі сөз айтып, «Үйлену оңай, үй болу қиын» деген тағылымды ойдың мәнін түсіндіріп, отбасының татулығы мен сыйластығының маңызын е ... Читать дальше »

Просмотров: 11 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 22.05.2026 | Комментарии (0)


Аналар күніне орай Дәмді ауылдық кітапханасында «Менің анам – менің жұлдызым» атты сурет галереясы және қолөнер сағаты ұйымдастырылды. Шара барысында балалар өз аналарының бейнесін қиял әлемімен ұштастырып, ертегі кейіпкерлеріндей етіп суреттеді. Әрбір туындыдан балғын жүректің мейірімі, анаға деген шексіз сүйіспеншілігі мен ыстық ықыласы көрініс тапты.
Сонымен қатар, бүлдіршіндер сурет арқылы өз ойларын жеткізіп, аналарын қалай көретінін, қандай сезімде болатынын бейнелеуге тырысты. Балалардың шығармашылық жұмыстары олардың көңіл күйі мен анаға деген құрметін ерекше әсермен жеткізе білді.
Тағылымы мол бұл шара ана мен бала арасындағы мейірім мен сыйластықты дәріптеп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй ... Читать дальше »

Просмотров: 16 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 22.05.2026 | Комментарии (0)


Табиғатты қорғау, өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін түрлерін сақтау, сондай-ақ экологиялық туризмді дамыту мәселелеріне назар аудару мақсатында Науырзым аудандық балалар кітапханасы Науырзым мемлекеттік табиғи қорығымен бірлесіп  «Наурызым қызғалдақтары». Аудан оқушыларын, балалар шығармашылығы үйінің және « Балдырған», «Балапан» балабақшаларының тәрбиеленушілерін біріктіріп, балалар туған табиғатының сұлулығына және гүлденген қызғалдақтарға арналған суреттер, плакаттар, қолөнер және фотосуреттер байқауларына қатысты.. Әрбір қатысушы туған өлкенің табиғатын сақтаудың маңызды ісіне өз үлесін қосты.


С целью привлечения внимания к вопросам охраны природы, сохранения р ... Читать дальше »

Просмотров: 12 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 22.05.2026 | Комментарии (0)


Шилі ауылдық кітапханасы Отбасы күніне «Берекелі отбасы – елдің тірегі» атты диалог алаңын ұйымдастырды. Мақсаты: отбасылық құндылықтарды насихаттау, қоғамдағы отбасының рөлін нығайту. Іс-шара барысында қозғалған негізгі тақырыптар: Ұлттық тәрбие: қазақ отбасының салт-дәстүрлері мен заманауи үлгісі. Тәжірибе алмасу: көпбалалы аналар мен үлгілі отбасылардың өмірлік тәжірибесі. Мемлекеттік қолдау: Еліміздегі отбасы институтын дамытуға бағытталған бағдарламалар. Сонымен қатар, қатысушылар отбасы берекесінің сырлары мен бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелерді талқылады. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы отбасы тақырыбына шолу жасалып, маңызды ақпараттармен бөлісті. Отбасы – әрбір адамның алтын бесігі, ал мемлекетт ... Читать дальше »

Просмотров: 12 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 22.05.2026 | Комментарии (0)

Мы в социальный сетях