
Шолақсай ауылдық кітапханасында Отбасы күніне арналған «Отбасы—жылулық ордасы» атты отбасылық квест өтті. Іс-шараға ағалы-қарындасты, әпкелі-сіңлілі балалардан құралған 7 ұйымшыл команда қатысты. Қатысушылар 7 қызықты бекеттен өтіп, жұмбақтар шешіп, шығармашылық тапсырмалар орындап, музыкалық ойындарға қатысты.
Балалар тапқырлықтарын, ұйымшылдықтарын және бір-біріне деген қамқорлықтарын көрсете білді. Әсіресе бауырлардың бір-біріне жылы сөз айтып, «Армандағы отбасы үйін» бірге құрастырған сәттері ерекше әсер қалдырды.
Шара көтеріңкі көңіл-күйде өтіп, қатысушыларға қуаныш, жарқын әсер мен жақсы эмоциялар сыйлады!
В Шолаксайской сельской библиотеке прошел семейный квест «О
...
Читать дальше »
Просмотров: 15 |
Добавил: naurzum-cbs |
Дата: 15.05.2026
|
|

Балалар кітапханасында Аналар күніне арналған «Ана – өмір шуағы» атты ертеңгілік өтті. Іс-шараның мақсаты балалардың анасына деген сүйіспеншілігін, құрметін және қамқорлығын тәрбиелеу болды. Кездесу барысында кітапханашы балаларға адам бақыты деген не екенін және анамның әр отбасында ерекше құрмет пен сүйіспеншілікке ие екенін айтты. Жас қатысушылар аналары туралы мақтанышпен айтып, өлең оқып, ән шырқады. «Мен анама қалай көмектесемін», «Жағдайды шеш» және балалар тапсырмаларға белсенді қатысып, тапқырлық, мейірімділік пен қамқорлық көрсетті. Ертеңгілік соңында қатысушыларға анасына сыйлық жасау ұсынылды - махаббат пен ризашылықтың символына айналған жарқын қызғалдақты өз қолдармен жасады.
...
Читать дальше »
Просмотров: 19 |
Добавил: naurzum-cbs |
Дата: 15.05.2026
|
|
|