Главная » 2026 » Май » 13


Отбасы күні мен Аналар мерекесіне орай аудандық орталық кітапхана мен мәдениет үйі қызметкерлерінің бірлесуімен «Отбасы – өмірдің тірегі, Ана – өмірдің шуағы» атты мерекелік кездесу кеші өтті. Шараның басты мақсаты — отбасылық құндылықтарды насихаттау және ата-ана институтын нығайту. Кеш барысында қатысушылар жылы лебіздерін білдіріп, аудан өнерпаздары аяулы жандарға арнап әннен шашу шашты. Мерекелік бағдарлама қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Просмотров: 13 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 13.05.2026 | Комментарии (0)


Шилі ауылдық кітапханасы Аналар күніне «Ақ босағаның киесі-Ана» атты  әдеби оқу көркем сағатын өткізді. Мақсаты: өскелен ұрпақтың анаға деген махаббатын, құрметін арттырып, ақын-жазушылардың шығармаларын оқуға шақыру. Шара барысында, жарық дүние есігін ашып берген анаға деген құрмет пен сүйіспеншілікке толы Т.Молдағалиев, Ф.Оңғарсынова, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, М.Мақатаев, Т.Айбергеновтың шығармаланын мәнерлеп оқылды.

Шилинская сельская библиотека к Дню Матери провела час литературного чтения «Ақ босағаның киесі-Ана». В ходе мероприятия были продекламированы произведения Ф.Онгарсыновой, С.Сейфуллина, Т.Молдагалиева, Т.Айбергенова, М.Жумабаева, М.Макатаева. Цель:воспитание уважения и любви ... Читать дальше »

Просмотров: 17 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 13.05.2026 | Комментарии (0)


Аналар күніне орай Өлеңді ауылдық кітапханасында «Ана – өмірдің гүлі» атты әдеби-музыкалық кеш ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – анаға деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыру, оқырмандарды адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу, ана туралы әдеби шығармалар мен әндерді насихаттау, сондай-ақ жас ұрпақтың өнерге және кітап оқуға қызығушылығын дамыту болды.Шара барысында аналардың қоғамдағы орны мен отбасы тәрбиесіндегі рөлі туралы тағылымды ойлар айтылды. Оқушылар ана туралы әсерлі өлеңдер оқып, әсем әндер орындады. Сонымен қатар қатысушылар аналарға арналған жүрекжарды тілектерін білдіріп, кештің мазмұнын байыта түсті.

Просмотров: 27 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 13.05.2026 | Комментарии (0)


Шолақсай ауылдық кітапханасында Аналар күніне орай «Анашым, шалқып күлсең» атты әдеби standup кеші өтті.
Шара барысында қатысушылар аналары туралы жылы естеліктерімен бөлісіп, қызықты әрі әсерлі оқиғалар айтып, караоке-өлеңдер айтып, аналарға деген жүрекжарды тілектерін арнады. Кеш мейірімге, күлкіге және көтеріңкі көңіл күйге толы болды.
Шараның мақсаты — анаға деген құрметті арттыру, отбасы құндылықтарын насихаттау және әдебиет пен шығармашылыққа қызығушылықты дамыту.

В Шолаксайской сельской библиотеке ко Дню матери прошёл литературный standup «Анашым, шалқып күлсең».
Участники мероприятия делились тёплыми воспоминаниями о мамах, рассказывали весёлые и трогательные ист ... Читать дальше »

Просмотров: 16 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 13.05.2026 | Комментарии (0)

Мы в социальный сетях