Главная » 2026 » Май » 08


Жеңіс күніне орай Шолақсай ауылдық кітапханасы, мәдениет үйі және мектептің ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғысы жауынгерлеріне арналған ескерткіш жанында митинг және ауылымыздың соңғы ардагері, жерлесіміз Иван Михайлович Золиннің 100 жылдығына арналған «Ғасыр қаһарманына тағзым» атты еске алу кеші өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойына патриоттық рух қалыптастыру, Ұлы Жеңістің тарихи маңызын ұғындыру және ардагерлерге құрмет көрсету.
Шара барысында қатысушылар боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Соғыс жылдарындағы әндер шырқалып, өлеңдер оқылды. Еске алу кеші ерлік пен елге адалдықтың үлгісіне айналған ардагерге деген құрметтің белгісі болды.

... Читать дальше »

Просмотров: 14 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 08.05.2026 | Комментарии (0)


Жеңіс күніне орай Науырзым ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, аудандық мәдениет үйі, тілдерді дамыту орталығы және аудандық орталық кітапхана тыл ардагері Салецкая Мая Николаевнаны құттықтады. Кездесу барысында тілектер айтылып, құрмет көрсетілді. #ЖеңісЛентасы#9мамыр#ЖеңісКүні#НауырзымАуданы

Просмотров: 18 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 08.05.2026 | Комментарии (0)


Жеңіс күніне орай Дәмді ауылдық әкімдігі, мәдениет үйі, кітапхана және жалпы білім беретін мектеп ұжымының қатысуымен мерекелік іс-шара өтті. Соғыстан оралмаған боздақтарға арналған мемориалдық тақта жанында «Ұлы Жеңіс – тарих парағы» атты тағылымды кеш ұйымдастырылды. Жиынға ауыл әкімі Ж.Р. Исмагулов пен мектеп директоры М.Б. Кузембаев қатысып, майдан даласында ерлік көрсеткен жерлестерімізді еске алып, рухтарына тағзым етті. Кеш барысында аруақтарға бағышталып құран оқылып, ел қорғаған аталарымыздың өнегелі өмір жолы мен қаһармандығы туралы естеліктер айтылды. Сонымен қатар, майдангерлердің бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде еңбек етіп жүрген ұрпақтары — балалары мен немерелері туралы мәліметтер беріліп, ... Читать дальше »

Просмотров: 16 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 08.05.2026 | Комментарии (0)


Науырзым аудандық орталық кітапханасы Жамбыл жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушыларымен бірге «Ұлы Жеңіске мың тағзым» атты тақырыптық кеш өткізді. Бұл кеш — батырлар ерлігіне тағзым етіп, тарихты жадымызда жаңғыртудың айқын көрінісі болды. Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлованың қаһармандығы, Бауыржан Момышұлының айбынды бейнесі мен Талғат Бигелдиновтің ерлігі туралы тағылымды ақпараттар айтылды. «Біз соғысты көрген жоқпыз, бірақ біз соғысты ұмытуға хақымыз жоқ!» Оқушылар бүгінгі бейбіт күннің аманатын сезініп, отансүйгіштік рухта жігерлене түсті.

Просмотров: 25 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 08.05.2026 | Комментарии (0)


Науырзым ауылдық кітапханасында 9 мамыр - Жеңіс күніне орай “Желбірейді жеңіс күні” атты кітап көрмесіне шолу ұйымдастырылды. Шараның мақсаты оқырмандарға Ұлы отан соғысы жылдарындағы ерлік пен батырлықты насихаттау, тарихи жадымызды жаңғырту және жас ұрпақты отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Көрмеге соғыс тақырыбындағы көркем әдебиеттер, деректі шығармалар, тарихи зерттеулер мен ардагерлер туралы кітаптар қойылды. Көрмеге қойылған әдебиеттерге қысқаша шолу жасалып, әрбір кітаптың мазмұны мен маңыздылығы туралы мәлімет берілді. Шара барысында оқырмандар өз ойларымен бөлісіп, жеңіс күніне қатысты естеліктер мен пікірлерін айтты. Мұндай іс-шаралар өскелен ұрпақтың тарихқа деген қызығушылығын арттырып, елін, жерін құрметтеуге т ... Читать дальше »

Просмотров: 17 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 08.05.2026 | Комментарии (0)


9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында Мереке ауылдық кітапханашысы, мектеп ұжымы және мәдениет үйі бірлесе отырып, «Ұрпақтар ұмытпайтын ұлы жеңіс» атты тағылымды ерлік сағатын ұйымдастырды. Кездесудің басты межесі – сұрапыл соғыс жылдарындағы ата-бабаларымыздың қаһармандығын дәріптеп, жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді ұялату болды. Шара аясында соғыс құрбандарының ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, бір минуттық үнсіздік жарияланды. «Ер есімі – ел есінде» деген қағиданы ұстанған ауыл тұрғындары мен оқушылар тарихқа тағзым етіп, бүгінгі бейбіт күннің маңызын терең ұғынды.

Просмотров: 17 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 08.05.2026 | Комментарии (0)


Ұлы Отан соғысынан оралмаған боздақтарға арналған мемориалдық тақта – Ұлы Отан соғысы жылдарында ел қорғау жолында ерлік көрсетіп, майданнан оралмаған боздақтарға арналған халықтың мәңгілік тағзымының белгісі. Бұл қасиетті орын ел үшін жанын қиған батырлардың есімін ұлықтап, олардың ерлігін ұрпақ жадында сақтауға арналған киелі орын.
Дәмді ауылдық әкімшілік, мәдениет қызметкерлері, кітапхана және қоғамдық қызметкерлермен бірлесе жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
Мемориалдық тақта – өткенге құрмет, бүгінгі бейбіт өмірдің қадірін түсіндіретін киелі ескерткіш. Ол жас ұрпаққа отансүйгіштік пен патриоттық рух беріп, тарихты ұмытпауға шақырады.

Просмотров: 15 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 08.05.2026 | Комментарии (0)

Мы в социальный сетях