Главная » 2026 » Май » 05


Өлеңді ауылдық кітапханасында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай «Мықты әскер – тәуелсіздік тірегі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – оқырмандарға Қазақстан Қарулы Күштерінің маңызы мен ел қорғанысындағы рөлін түсіндіру, жас ұрпақты отансүйгіштікке, елін, жерін қорғауға тәрбиелеу, мерекенің мәнін ашу және әскери тақырыптағы әдебиеттерді насихаттау.Іс-шара барысында оқырмандар 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықталып, мерекенің шығу тарихы мен маңызы туралы қысқаша мәлімет берілді. Сонымен қатар, кітап көрмесіне қойылған әскери тарихқа қатысты еңбектер, батырлар туралы кітаптар және патриоттық шығармалар таныстырылып, оқырмандарға кеңінен насихатталды.

Просмотров: 19 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 05.05.2026 | Комментарии (0)


Науырзым ауылдық кітапханасында 7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне орай “Ұранымыз-ерлік” тақырыбында тағылымды іс- шара ұйымдастырылды. Іс- шараның басты мақсаты- жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, елін, жерін қорғаған батырлардың ерлігін дәріптеу. Іс-шара барысында кітап көрмесі таныстырылды. Сонымен қатар қатысушыларға тарихи мәліметтер беріліп, ерлік пен батырлық туралы әңгімелер айтылды. Оқырмандар белсене қатысып өз ойларымен бөлісті.

Просмотров: 18 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 05.05.2026 | Комментарии (0)


Отан қорғаушылар күніне орай балалар кітапханасында көркемдік талғамды қалыптастыруға, сыпайылыққа, ұстамдылыққа, төзімділік пен батылдыққа тәрбиелеуге бағытталған "Жігіт сұлтаны" атты жарқын әрі тартымды байқау өтті.
Қатысушылар өздерінің таланттарын ғана емес, тапқырлығын, ептілігі мен тапқырлығын да көрсетті. Байқау 5 кезеңнен тұрды:
"Таныстыру"  (өзін-өзі таныстыру)
🔹 Шығармашылық тапсырма "Өнерлі жігіт – өрге жүзер"
🔹 "Полиглот жұмбақтары"
"Сурақ-жауап"
"Қолөнер – асыл мұра"
Әр кезең нағыз сынақ болды, оны тек ең дайын және талантты қатысушылар ғана жеңді. Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздар ... Читать дальше »

Просмотров: 20 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 05.05.2026 | Комментарии (0)

Мы в социальный сетях