Главная » 2026 » Апрель » 29


Науырзым ауылдық кітапханасында 1- мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне орай “Ұлттар достығы” атты достық сағаты ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты- әртүрлі ұлт өкілдерінің арасындағы татулық пен бірлікті нығайту, достық пен өзара сыйластықты дәріптеу. Кітапхана оқырмандары ұлттық мәдениеттермен танысып, түрлі ұлттардың  салт- дәстүрлері туралы мәлімет алды. Сонымен қатар, қатысушылар өлең оқып ән  айтып, достық тақырыбында пікір алмасты. Мұндай шаралар жас ұрпақты бірлікке, бейбітшілікке және татулыққа тәрбиелейді.

Просмотров: 17 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 29.04.2026 | Комментарии (0)


Қазақ сахнасының алыбы, кәсіби театр өнерінің негізін қалаушы Сералы Қожамқұловтың 130 жыл  толуына орай Науырзым аудандық орталық кітапханасы мен Науырзым мәдениет үйі бірлесіп, Жамбыл жалпы білім беретін мектебінің 8- ші сынып оқушыларымен "Актер-адам,тұлға... " тақырыбында театырландырылған   кеш өткізілді. Шара соңында кітап көрмесіне шолу жасалды. Іс-шараның мақсаты: Қазақ театрының майталманы С.Қожамқұловтың өмірі мен шығармашылығын насихаттай отырып, оқушыларды ұлттық өнерді қадірлеуге баулу, эстетикалық талғамын қалыптастыру.

Просмотров: 21 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 29.04.2026 | Комментарии (0)


Шилі ауылдық кітапханасы
Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай “Бір ел-жүз әлем”  тақырымен әдеби-этнографиялық ойын өткізді. Іс-шараның мақсаты: Қазақстан халқының мәдени дәстүрлерімен таныстыру арқылы отансүйгіштік сезім мен ел бірлігін нығайту. Ойын ұлттық әдебиетті насихаттауға, түрлі этностардың салт-дәстүрлерін үйретуге, сондай-ақ кітап оқуға және туған өлке тарихына деген қызығушылықты арттыруға бағытталған. Ойын барысында, балалар халықтық дәстүрлер «бекеттері» бойынша  саяхат жасап, мақал-мәтелдер, ұлттық киімдер, салт-дәстүр, амандасу салты  және қазақстандық авторлардың әдеби шығармаларымен жақынырақ танысты.
Бұл мереке - көпұлтты еліміздің күш-қуаты-бірлік пен бей ... Читать дальше »

Просмотров: 37 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 29.04.2026 | Комментарии (0)


Раздолный ауылдық кітапханасында «Қазақстан – бар ұлысқа шаңырақ» атты тақырыптық сағат ұйымдастырылып, ауыл оқырмандары мен мектеп оқушыларының қатысуымен өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – көпұлтты еліміздің бірлігі мен татулығын насихаттау, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Кітапхана қызметкері қатысушыларға Қазақстанда тұратын түрлі ұлт өкілдерінің достығы мен ынтымағы туралы айтып, еліміздің бейбітшілік пен келісімнің ордасы екеніне тоқталды. Сонымен қатар, еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері мен халықтар арасындағы өзара құрметтің маңызы кеңінен түсіндірілді.
Сондай-ақ, тақырыпқа байланысты кітап көрмесі ұйымдастырылып, қатысушыларға таныстырылды.
Іс-шара соңында ... Читать дальше »

Просмотров: 27 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 29.04.2026 | Комментарии (0)


Оқушыларға ынтымақ, бірлік, келісім ұғымдарының маңызын түсіндіру, қоғамдағы татулық пен достықтың рөлін насихаттау, әртүрлі ұлттар мен мәдениеттер арасындағы өзара құрмет пен сыйластықты қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, патриоттық сезімге тәрбиелеу мақсатында Өлеңді ауылдық кітапханасында «Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін» атты тақырыптық кеш өткізілді.Шара барысында Қазақстандағы ұлттар достығы туралы мәлімет беріліп, әртүрлі ұлттардың мәдениеті таныстырылды. Қатысушылар бірлік пен келісімнің ел болашағы үшін маңызы зор екенін түсініп, татулық пен достықтың қоғамдағы орнын тереңірек ұғынды.

Просмотров: 22 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 29.04.2026 | Комментарии (0)

Мы в социальный сетях