
23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай Дәмді ауылдық кітапханасында «Оқимын демек – өсемін» атты танымдық викториналық сағат өткізілді. Шараның мақсаты – оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, білімге құштарлығын дамыту және рухани құндылықтарды насихаттау.
Іс-шара барысында қатысушылар әдебиет, қазақ жазушылары, ертегілер мен әлем классиктері туралы түрлі сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін сынады. Викторина бірнеше кезеңнен тұрды: «Жылдам жауап», «Кім тапқыр?», «Кітап кейіпкерлерін таны» және «Мақал-мәтелді жалғастыр».
Қатысушылар белсенділік танытып, өзара жарыс арқылы тапқырлықтарын көрсетті. Шара соңында жеңімпаздар анықталып,
...
Читать дальше »
Просмотров: 22 |
Добавил: naurzum-cbs |
Дата: 23.04.2026
|
|

Ұлттық кітап күніне «Кітапхана түні-2026» мәдени әлеуметтік акциясы өтті. Іс-шара әртүрлі интерактивті алаңдарды қамтып, қатысушыларға танымдық және шығармашылық еркіндік сыйлады: «Сиқырлы орман» квест-ойыны: қатысушылар жұмбақтарды шешіп, түрлі сынақтардан өту арқылы логикалық ойлау қабілетін ұштап, топтық жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырды. «Страшно интересно» библиоаралау: бұл аймақта қозғалмалы ойындар мен викториналар ұйымдастырылып, оқырмандар жұмбақтар мен әзілге толы ерекше атмосфераға бойлады. «ИгроLaif» ойын алаңы: настолды ойындар арқылы қатысушылардың стратегиялық ойлау және коммуникативті қабілеттерін дамытуға жағдай жасалды. «Көңілді балалар әлемі» ойын-са
...
Читать дальше »
Просмотров: 27 |
Добавил: naurzum-cbs |
Дата: 23.04.2026
|
|

Ұлттық кітап күніне орай Мереке ауылдық кітапханасында оқушыларға арналған «Ғажайып кітаптың иесі» атты танымдық ойын-саяхат ұйымдастырылды. Шара барысында оқушылар түрлі ойындар ойнап, жұмбақтар шешіп, ертегілер желісі бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді және өз ойларын ортаға салды. Іс-шараның мақсаты: қызықты тапсырмалар арқылы балаларды кітап әлеміне баурап, жас ұрпақтың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру. Сонымен қатар, оқушылардың логикалық ойлау, есте сақтау және шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, топпен жұмыс істеу дағдысын және оқу мәдениетін қалыптастыру.
Просмотров: 25 |
Добавил: naurzum-cbs |
Дата: 23.04.2026
|
|

Науырзым ауылдық кітапханасында “Кітап- ақылдың қайнары” атты оқу алаңы ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, жас ұрпақты білімге , ізденіске баулу. Оқу алаңында түрлі кітап көрмелері қойылып, оқырмандар өздеріне ұнаған шығармаларды тандап, еркін түрде оқуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар жаңа кітаптармен таныстырылып, әдеби шығармалар туралы қызықты мәліметтер ұсынылды. Шара барысында оқырмандар өз ара пікір алмасып, оқыған кітаптары туралы ой бөлісті.
Просмотров: 31 |
Добавил: naurzum-cbs |
Дата: 23.04.2026
|
|
|