
Раздолный ауылдық кітапханасында “Ұмытылған кітаптарды еске алу” тақырыбында үлкенді-кішілі оқырмандармен мазмұнды кездесу кеші ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты – уақыт өте келе назардан тыс қалып, ұмыт бола бастаған құнды кітаптарды қайта жаңғыртып, оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру болды.
Кездесу барысында кітапханашы әр кезеңде жарық көрген, бірақ бүгінгі күні сирек оқылатын әдеби шығармаларға тоқталып, олардың тарихи және тәрбиелік маңызын түсіндірді. Оқырмандар өздері оқыған, ерекше әсер қалдырған кітаптарымен бөлісіп, пікір алмасты. Әсіресе, аға буын өкілдері өткен жылдардағы сүйікті шығармаларын еске алып, жас оқырмандарға кеңес берді.
Сонымен қатар, шарада кітап көрмес
...
Читать дальше »