Главная » 2026 » Апрель » 15


Шолақсай ауылдық кітапханасында Қабдеш Жұмадиловтың 90 жылдығына орай «Қазақтың қабырғалы қаламгері» атты әдеби кафе өтті. Оқырмандар жазушының өмірі мен шығармашылығымен танысып, әсерлі ой бөлісті.
Сонымен қатар, «Бір ел — бір кітап» акциясы аясында "Тағдыр" романы таныстырылып, ауыл оқырмандарына оқуға ұсынылды.
Мақсаты: қазақ әдебиетін насихаттау, кітап оқуға қызығушылық арттыру. 

В Шолаксайской сельской библиотеке к 90-летию Кабдеша Жумадилова прошло литературное кафе «Қазақтың қабырғалы қаламгері». Участники познакомились с жизнью и творчеством писателя и поделились впечатлениями.
В рамках акции «Одна страна — одна книга» был ... Читать дальше »

Просмотров: 24 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 15.04.2026 | Комментарии (0)


15 сәуір күні аудандық орталық кітапханада Чернобыль апатын халықаралық еске алу күнінің 40 жылдығына орай "Чернобыль апаты кеше, бүгін, ертең…" тақырыбында кездесу кеші өткізілді. Кешіміздің басты қонағы, Чернобыль апатының ардагері, жерлесіміз Тымпиев Қанат Сейітұлы, Жамбыл жалпы білім беретін 9 сынып оқушылары және кітапхана қызметкерлері қатысты.

Просмотров: 22 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 15.04.2026 | Комментарии (0)


Раздольный ауылдық кітапханасында 7-сынып оқушыларымен «Естелік пен тағылым: Чернобыль оқиғасы» тақырыбында тарихи іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында оқушыларға Чернобыль апатының себептері мен салдары туралы кеңінен ақпарат беріліп, адамзат тарихындағы бұл қайғылы оқиғаның маңызы түсіндірілді.
📽 Интерактивті тақта арқылы шағын фильмнен үзінді көрсетіліп, оқушылардың тақырыпқа деген қызығушылығы артты.
Бұл шара жас ұрпаққа тарихтан тағылым алып, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қараудың маңызын түсінуге мүмкіндік берді.

Просмотров: 33 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 15.04.2026 | Комментарии (0)


Науырзым ауылдық кітапханашысы, әкімшілік қызметкерлерімен бірігіп, ауыл сыртындағы бұлақты тазартып жан-жағын жинап сенбілік өткізді.
Бұлақ- тіршілік көзі, ол тек су ғана емес, ауылдың көркі мен берекесі. Егер біз бұлақтың айналасын қоқыстан тазартып оны күтіп ұстасақ, келер ұрпаққа таза әрі мөлдір табиғат қалдырамыз. Бұлақты тазарту барысында бірлікті, еңбекті және табиғатты қорғаудың маңызын түсінеміз . Осындай игі істер арқылы “Таза Қазақстан” идеясы шын мәнінде өмірлік дағдыға айналады.

Просмотров: 48 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 15.04.2026 | Комментарии (0)

Мы в социальный сетях