Главная » 2026 » Апрель » 13


Шолақсай ауылдық кітапханасында Ғарыш күніне орай «Ғарыш. Тоқтар Әубәкіров. Талғат Мұсабаев» атты ғарыштық калейдоскоп өтті. Іс-шараға бастауыш сынып оқырмандары қатысты.
Балалар ғарыш әлеміне қызықты «саяхат» жасап, ғарышты игеру тарихымен танысты, алғашқы ғарыштық ұшулар туралы тың деректер білді. Сонымен қатар қазақстандық ғарышкерлер — пен туралы мағлұмат алды. Іс-шара барысында оқушылар викториналық сұрақтарға жауап беріп, ғарыш тақырыбындағы жұмбақтарды шешіп, өз білімдері мен армандарын ортаға салды.
Іс-шараның мақсаты: балалардың таным көкжиегін кеңейту, ғылым мен ғарышқа деген қызығушылығын арттыру, отандық ғарышкерлердің жетістіктеріне деген мақтаныш сезімін қалыптастыру.

... Читать дальше »

Просмотров: 7 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 13.04.2026 | Комментарии (0)


Мереке ауылдық кітапханасында "Планеталар және олардың серіктері" тақырыбында қызықты хабарламалар сағаты өтті. Планеталар мен олардың серіктерін таныстырып, табиғат заңдылықтарын тереңірек түсінуге мүмкіндік берілді.

Просмотров: 3 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 13.04.2026 | Комментарии (0)


Жыр алыбы Жамбылдың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүю, оны бағалай білуге ұғындыру, ақын шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін оятып, адамгершілікке,
елінің өнерін сүюге тәрбиелеу
мақсатында Шилі ауылдық кітапханасы  қара өлеңнің алыбы, даланың дархан данасы Жамбыл Жабаевтың 180-жылдығына орай
 «Қазақ  даласының  жыр  алыбы»  тақырыбымен  әдебиет сағатын ұйымдастырды.
Халық поэзиясының алыбы Ж.Жабаевтың есімі бүгінде  дүние жүзіне мәлім. Ғасыр жасап, екі заманның бірдей куәсі болған ақын өз тағдырын туған халқымен тұтастырып, оның бар өмірін, биік мұратын, мұң-мүддесін жырына арқау етті, дәстүрлі қазақ жырын жаңа дәуірдің талап-т ... Читать дальше »

Просмотров: 13 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 13.04.2026 | Комментарии (0)


Ғарышкерлер күніне орай балалар кітапханасында «Ғарыш әлемінің ғажайыптары» атты қызықты ғарыш сағаты өткізілді. Іс-шара кішкентай оқырмандарға жұлдыздар мен ғаламшарлардың тылсым да тартымды әлеміне еніп, қоршаған ғарыш туралы білімдерін кеңейтуге және өздерін нағыз Ғалам зерттеушілері ретінде сезінуге мүмкіндік берді.
Кездесу барысында балалар ғарышкерліктің даму тарихымен танысты: жарқын әрі мазмұнды презентация арқылы адамзаттың ғарыш кеңістігін қалай кезең-кезеңімен игергенін, қандай жаңалықтар ашылғанын және алғашқы ғарыш бағындырушылар қандай қиындықтарды еңсергенін білді. Оқырмандар ғарыш викторинасының сұрақтарына жауап беріп, ғаламшарлар, жұлдыздар мен ғарыш құбылыстары туралы қызықты жұмбақтарды шешу ү ... Читать дальше »

Просмотров: 15 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 13.04.2026 | Комментарии (0)

Мы в социальный сетях