Главная » 2026 » Апрель » 10


Науырзым ауылдық кітапханасында мектеп кітапханасымен бірлесіп “Ғарыш ғажаптары” атты тақырыптық сағат өткізілді . Іс- шара барысында оқушылар ғарыш әлемінің құпияларымен танысып, планеталар, жұлдыздар және ғарышкерлер туралы қызықты мәлімметтер алды. Іс- шараның мақсаты оқушыларға ғарыш әлемі туралы түсінік беру, олардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру және танымдық қабілеттерін дамыту болды. Іс- шара соңында оқушылар ғарыштық құпиялары туралы ойларын айтып, өз әсерлерімен бөлісті. Тақырыптық сағат өте қызықты және мазмұнды өтті.

Просмотров: 7 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 10.04.2026 | Комментарии (0)


Елімізде дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында биыл Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романы таңдалды. Осыған орай Науырзым аудандық кітапханасында «Ұлт мұңын жырлаған ұлы қаламгер» атты тағылымы мол әдеби кеш өтті. Кеш барысында қаламгердің өмірі мен шығармашылығы кеңінен таныстырылып, «Тағдыр» романы жайлы өз ойларын ортаға салды. Қатысушылар ұлттық құндылықтарды дәріптеген туындының өзектілігін атап өтіп, рухани мұраға деген қызығушылықтарын білдірді. Туындының тарихи маңызы мен тәрбиелік мәні кеңінен талқыланып, ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі орны ерекше екені атап өтілді. Кеш соңында арнайы кітап көрмес ... Читать дальше »

Просмотров: 4 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 10.04.2026 | Комментарии (0)

Мы в социальный сетях