
Дәмді ауылдық кітапханасында қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, лирик ақын Күләш Ахметованың 80 жылдығына арналған «Қазақ сөз өнерінің алтын тәжі» атты мәнерлеп оқу сағаты өткізілді.
Шараның мақсаты – ақынның бай шығармашылық мұрасын насихаттау, оқырмандарды сыршыл поэзиясымен таныстыру, жас ұрпақтың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру.
Кеш барысында кітапхана оқырмандары мен оқушылар ақынның туған жер, ана, махаббат, ел тағдыры тақырыбындағы өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Сонымен қатар ақын өмірі мен шығармашылығы жайлы қысқаша деректер беріліп, кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Поэзия сағаты әсерлі де тағылымды өтіп, қатысушыларға рухани серпіліс сыйлады.
В Дамдинской сельской библиотеке состо
...
Читать дальше »