Главная » 2026 » Февраль » 20


Науырзым аудандық орталық кітапханасы қазақтың біртуар ақыны Олжас Сүлейменовтың 90 жылдық мерейтойына арналған «Қайсар рухты ақын» атты поэзия сағатын өткізді. Шараға Жамбыл жалпы білім беретін мектебінің 9 «А» сынып оқушылары қатысып, ақынның отты жырларын нақышына келтіре оқыды. Кеш барысында оқушылар ақынның шығармашылығына арналған арнайы кітап көрмесімен танысып, Олжас Сүлейменовтың әлем әдебиеті мен тарихындағы өшпес ізі туралы мағлұмат алды. Поэзия мен тағылымға толы бұл шара жас буынның рухын шыңдап, кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырды.

Просмотров: 5 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 20.02.2026 | Комментарии (0)


Раздольный ауылдық кітапханасында қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ақын Күләш Ахметова шығармашылығына арналған «Күләш Ахметованың жыр әлемі» атты әдеби танысу кеші және кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – ақынның өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау, оқырмандарды сыршыл поэзиясымен таныстыру, жастардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру.
Кеш барысында кітапханашы ақынның өмір жолына, шығармашылық ізденістеріне тоқталып, поэзиясындағы туған жер, ана, махаббат, елдік пен рух тақырыптарының терең мағынасына шолу жасады. Оқырмандар назарына ақынның жыр жинақтары ұсынылып, кітап көрмесі рәсімделді.

Просмотров: 5 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 20.02.2026 | Комментарии (0)


Мереке ауылдық кітапханасында  «Қазақ поэзиясының ақ гүлі» Күләш Ахметованың өмірі мен шығармашылығына арналған әдеби шолу өткізілді. Іс-шара мақсаты: көрнекті ақын Күләш Ахметованың өмір жолы мен бай әдеби мұрасын оқырмандарға кеңінен таныстыру. Ақынның нәзік те терең лирикасы арқылы өскелең ұрпақты рухани тазалыққа, ізгілікке және адамгершілік құндылықтарды қастерлеуге баулу. Оқырмандардың поэзияға деген қызығушылығын арттырып, көркем сөз оқу шеберлігін дамыту.

Просмотров: 17 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 20.02.2026 | Комментарии (0)


Мереке ауылдық кітапханасында "Ауғанстан жүректегі жара" атты тарихи вираж ұйымдастырылды. Іс-шара мақсаты: Ауған соғысының тарихи шындығын ашып көрсету. Соғыстың адам өміріне, отбасы мен қоғамға тигізген зардабын түсіндіру. Ерлік пен қаза тапқан жауынгерлерді еске алып олардың рухына тағзым ету. Соғыстың қасыретін ұғындырып, бейбіт өмірдің құндылығын дәріптеу.

Просмотров: 4 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 20.02.2026 | Комментарии (0)


Шолақсай ауылдық кітапханасында балалар ақыны Агния Бартоның туғанына 120 жыл толуына орай «Балалық шақ беттерімен» атты мәнерлеп оқу байқауы өтті.
Шараның мақсаты — балалар поэзиясына қызығушылықты арттыру, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту және жас оқырмандарды ақынның өмірі мен шығармашылығымен таныстыру.
Кездесу барысында кітапханашы ақынның өмір жолы мен шығармалары туралы мазмұнды мәлімет берді. Балалар танымал өлеңдердің шығу тарихымен танысып, өздері сүйіп оқитын туындыларды еске түсірді. Қатысушылар өлеңдерді нақышына келтіріп, сезіммен оқып шықты. Сондай-ақ әдеби сұрақтарға жауап беріп, шағын викторинаға белсенді қатысты.
Байқау әсерлі де мазмұнды өтті. Соңында барлық қатысушылар грамотал ... Читать дальше »

Просмотров: 4 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 20.02.2026 | Комментарии (0)

Мы в социальный сетях