Главная » 2026 » Февраль » 17


«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасын іске асыру аясында Науырзым аудандық кітапханасы мәдениет үйінің қызметкерлерімен бірлесіп «Саяси репрессия құрбандарына» ескерткішіне сенбілік жұмыстарын жүргізді.

Просмотров: 5 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 17.02.2026 | Комментарии (0)


"Таза Қазақстан" акциясы аясында  «Отанды қорғағандар» атты Ұлы Отан соғысшы жауынгерлеріне арналған ескерткішті қар құрсауынан тазалау мақсатында тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Игі шараға ауыл кітапханашысы мен мәдениет үйінің қызметкерлері бірлесе қатысып, ескерткіш маңын қардан аршып, айналасын ретке келтірді.
Бұл іс-шараның басты мақсаты – ел қорғаған батырлардың ерлігіне құрмет көрсету, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру және тарихи мұраларға жанашырлықпен қарауға үндеу. Ескерткішті күтіп ұстау – өткенге тағзым, ерлікке тағылым екені сөзсіз.
Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын тауып, елге қызмет еткен ерлердің есімі әрдайым құрметпен атала бермек.

Просмотров: 10 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 17.02.2026 | Комментарии (0)


Науырзым ауылдық кітапханасында Жамбыл Жабаевтың туғанына 180-жыл толуына орай “ Жүз- жасаған бәйтерек”  тақырыбында әдеби кеш өткізілді .Мақсаты: жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың ақындық талантын оқырман жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүю және бағалай білуге ұғындыру , сөйлеу мәдениетін дамыту. Ақынның шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін оятып , адамгершілікке, елінің өнерін сүюге тәрбиелеу. Іс шара барысында ақынның өмірбаяны мен шығармашылығы туралы айтылды . Жамбыл Жабаев ащы болсада әділдікті төтелеп тіке айтқан ақын . Сондықтан ақынның шығармаларын білу, оның поэзиясын сүю оны бағалай білу барлығымыздың міндетіміз деп ойлаймын .Кеш соңында оқырмандар ақынның поэзияларын оқып өз ойларымен бөлісті.

Просмотров: 8 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 17.02.2026 | Комментарии (0)


Өлеңді ауылдық кітапханасы мәдениет үйінің ұйымдастырушысымен бірлесе отырып, «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Белгісіз солдат» ескерткіші маңында «Ерлікке тағзым – ұрпаққа аманат» атты сенбілік өткізді.
Шараның мақсаты – Отан үшін өмірін қиған боздақтардың рухына тағзым етіп, ескерткіш аумағын тазалау және жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру. Сенбілік барысында қатысушылар ескерткіш маңын қардан тазартып, айналасын ретке келтірді. Мұндай игі бастамалар ел тарихына деген құрметті арттырып, жастардың бойында отансүйгіштік қасиетті қалыптастырады.

Просмотров: 5 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 17.02.2026 | Комментарии (0)


Шолақсай ауылдық кітапхана мен Мәдениет үйінің қызметкерлері Ұлы Отан соғысы жауынгерлеріне арналған ескерткіш маңында — "Таза естелік —ортақ міндет" атты сенбілік өткізді. Аумақ тазартылып, жолдар мен айнала ретке келтірілді.
Мұндай игі шаралар — тазалық қана емес, Отан қорғаушылардың ерлігіне деген құрметтің белгісі. Ескерткіш орындарды күтіп ұстау арқылы біз тарихты сақтап, оны келер ұрпаққа жеткіземіз.

Сотрудники Шолаксайской сельской библиотеки и Дома культуры провели субботник под названием — "Чистая память—наше общее дело" у памятника воинам Великой Отечественной войны. Была очищена территория, приведены в порядок дорожки и прилегающая зона.
Такие акции & ... Читать дальше »

Просмотров: 5 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 17.02.2026 | Комментарии (0)

Мы в социальный сетях