
Шолақсай ауылдық кітапханасында М. Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына орай «Жырлайды жүрек» атты поэтикалық кеш өткізілді. Шараға жас мұғалімдер белсене қатысып, ақынның сырлы да мұңлы, отты жырларын нақышына келтіре оқыды. Кеш барысында Мұқағали Мақатаевтың өмір жолы мен шығармашылығына шолу жасалып, поэзиясының терең мағынасы мен тәрбиелік мәні кеңінен әңгімеленді.
Қатысушылар ақын өлеңдерінен үзінділер оқып қана қоймай, өз ой-пікірлерімен бөлісіп, жыр әлеміне саяхат жасады. Поэтикалық кеш көрерменге ерекше рухани әсер сыйлап, қазақ поэзиясына деген құрметті арттырды.
Мақсаты: жас ұрпаққа Мұқағали Мақатаевтың бай әдеби мұрасын насихаттау, поэзияға деген сүйіспеншілікті арттыру, көркем сөз оқу мәдение
...
Читать дальше »
|

«Науырзым жерінің тарихы» бағдарламасы аясында оқырмандармен бірге Қостанай облысының 90 жылдығына арналған «Менің тарихым осы жерден басталады. Мұнда менің тарихым өмір сүреді» атты өлкетану библиопанорамасына шолу өткізілді. Көрмеде «Қостанай облысы», «Тарих парақтары = Истории строки», «Қостанай облысы» энциклопедиясы, «Қостанай облысы Ұлы Отан соғысы жылдарында», «Олар жеңіспен оралды» және басқа да кітаптар ұсынылды. Библиопанорама туған өлкенің өзіндік шежіресіне айналып, облыс пен ауданның бай да көпқырлы тарихын бейнелейтін әдебиеттерді бір арнаға тоғыстырды.
В рамках программы «История земли наурзумской» с читате
...
Читать дальше »
|

Шилі ауылдық кітапханасы
қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың 95-жылдығына арналған және де ұлы ақынның бай әдеби мұрасын оқырмандарға қайта жандандырып, паш ету мақсатында “Мұқағали-мәңгілік ғұмыр”атты әдебиеттік оқу өткізді. Шара барысында, қатысушылар,
халықтың жүрек үнін жырға қосқан, сөз құдіретімен ұлттың рухын асқақтатқан ақынның жыр-шумақтарын оқып, Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантына тамсанып, көптеген өлеңдеріне ән де жазылғанын сөзге тиек етті. Ақынның жырлары уақытпен үндесіп, ұрпақтан-ұрпаққа рухани мұра болып жалғаса беретіні сөзсіз.
Шилинская сельская библиотека к 95-летию казахского поэта Мукагали Макатаева и с целью пропаганды творческого наследия поэта провела литерат
...
Читать дальше »
|
|