Главная » 2026 » Январь » 28


«Қарттарға құрмет – жанашырлық белгісі» волонтерлік акциясы аясында Раздольный ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен зейнеткер Александра Борисовнаға барып, жүрмелі кітап қызметі көрсетілді. Акцияның басты мақсаты – қарттарға құрмет көрсету, рухани қолдау білдіру және кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Кітапхана қызметкері оқырманның қалауына сай кітаптар ұсынып, Александра Борисовна өзіне ұнаған әдебиеттерді таңдап алды. Осындай игі шаралар арқылы қарт жандарға жанашырлық танытып, олардың бос уақытын пайдалы әрі мазмұнды өткізуіне мүмкіндік жасалуда.
Бұл акция алдағы уақытта да жалғасын тауып, қарттарға рухани қолдау көрсету бағытында жүйелі түрде жүргізіледі.

Просмотров: 7 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 28.01.2026 | Комментарии (0)

Мы в социальный сетях