
Науырзым аудандық кітапханасы «Жемқорлық – індет, күресу – міндет» тақырыбындағы кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты- оқырмандардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталады. Мұнда жемқорлықтың алдын алу, этика, мораль және адалдық туралы еңбектер мен мақалалар жинақталған. Қазіргі заманғы заңгерлер мен әлеуметтанушылардың жемқорлықтың әлеуметтік зардаптары туралы зерттеулері. Жемқорлық – бұл тек заң бұзушылық емес, бұл мемлекетті ішінен ірітетін, болашағымызға балта шабатын қауіпті індет. Елбасы айтқандай, бұл дертпен күресу – тек құқық қорғау органдарының емес, баршамыздың ортақ міндетіміз.