
Науырзым ауылдық кітапханасында Медеу Сарсекеевтың
-90 жылына орай «Қазақ әдебиетінің көрнекті жазушысы» тақырыбында әдеби танысу ұйымдастырылды. Медеу Сапаұлы Сәрсеке — қазақ және кеңес жазушысы, драматург, публицист, қоғам қайраткері. КСРО және Қазақстан жазушылар одағының мүшесі. Қазақ ғылыми-фантастикалық әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Мақсаты: оқырмандарға М.Сарсекеев жайында мағлұмат бере отырып, оның шығармашылықтарын таныстыру.
Шара барысында жазушының өмір жолына шолу жасалды. Кеш соңында кітап көрмесі ұйымдастырылып, онда жазушының жинақтары мен әдеби еңбектері таныстырылды.