
Раздольный ауылдық кітапханасы мен әкімшілік ұжымы бірлесе отырып, «Әр жүрекке жылулық сыйла» атты қайырымдылық акциясы аясында ауыл тұрғыны Молдағалиева Үміт апайдың үйіне барып, көмек қолқабыс көрсетті. Ізгі ниетпен жасалған бұл іс-шара барысында апайымыздың көңілі көтеріліп, ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.
Мұндай игі істер ауыл тұрғындарының бір-біріне деген қамқорлығын, мейірім мен адамгершіліктің жоғалғанын көрсетеді. Акцияның мақсаты – әр жүрекке жылулық сыйлап, қоғамда мейірім мен ізгілікті арттыру.