
Мереке ауылдық кітапханасында оқырмандармен «Өзіңді кінәлі сезінбейтін нәрсені жаса» тақырыбында ашық әңгіме сағаты өткізілді. Шара барысында адамның ішкі еркіндігі, жеке шекарасы және өмірде өз таңдауын жасаудың маңыздылығы туралы ашық пікір алмасылды.
Кездесу барысында өмірлік дұрыс жолды таңдау, уақытты тиімді пайдалану және оны пайдалы білім жолына, әсіресе кітап оқуға арнау туралы ой қозғалды. Қатысушыларға білім мен тәрбие бастауы – кітап екені, ал білімді ұрпақ – болашақтың кепілі екені баса айтылды.
Кітап оқуға деген құштарлықты арттырып, өзін-өзі дамытуға, үнемі ізденіс үстінде болуға үндеу жасалды.
В сельской библиотеке села Мереке состоялся открытый час беседы с читателями на
...
Читать дальше »