Главная » 2025 » Июль » 06


Науырзым аудандық балалар кітапханасында «Астана – арман қала» атты балалар шығармашылығы өтті. Балалар өз қиялындағы елорда бейнесін сурет арқылы жеткізді.
Іс-шара барысында жас суретшілер Астананың көрікті жерлері мен сәулетті ғимараттарын түрлі-түсті бояулармен бейнелеп, әр туындыдан елге деген сүйіспеншілік пен бала қиялының шексіздігі сезілді. Кітапхана іші балалық шабыт пен өнердің жылы нұрына бөленіп, мерекелік көңіл-күйге толды.
Балалардың еңбектері бағаланып, барлықтарына сыйлықтар табысталды. Бұл шара жас өрендердің отансүйгіштігін арттырып, шығармашылық шабыттарын шыңдауға үлкен серпін берді.

В Наурзумской районной детской библиотеке прошло яркое творческое мероприятие «Астана ... Читать дальше »

Просмотров: 12 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 06.07.2025 | Комментарии (0)


Мереке ауылдық кітапханасында “Күмбірлеген күй, әуелеген ән” атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты: Ғасырлар бойы әр қазақтың төрінен орын алған қастерлі домбыраның мәртебесін жаңғырту, жастардың ұлттық құндылықтарға қызығушылығы мен құрметін арттыра түсу.
Көрме барысында домбыраға арналған тарихи, танымдық еңбектер мен белгілі күйшілердің өмірі жайлы әдебиеттер таныстырылып, келушілер қазақ музыкасының терең тамырымен танысты. Бұл шара ұлттық өнерге деген сүйіспеншілікті оятумен қатар, домбыра үні арқылы ата-бабалар рухымен сырласуға мүмкіндік берді.

В Мерекенской сельской библиотеке была организована книжная выставка под названием «Күмбірлеген күй, әуелеген ән». Цель: популяризаци ... Читать дальше »

Просмотров: 25 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 06.07.2025 | Комментарии (0)


Науырзым аудандық кітапханасы Астана күні мерекесіне орай «Ғасырлар тоғысында асқақтаған -Астана» тақырыбында «Балдырған» бала бақша қызметкерлері арасында  танымдылық сағатын өткізді.

Просмотров: 10 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 06.07.2025 | Комментарии (0)

Мы в социальный сетях