Главная » 2025 » Июль » 01


2025 жылғы 28 маусым күні «Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі» КММ-нің 110 жылдығына арналған «Облыс аудандарындағы музей күні» мәдени-ағарту көрмелік жобасы аясында және Науырзым ауданының 60 жылдығын тойлау мақсатында Наурызым ауданында музей қорынан «Музей керуені» атты көшпелі көрме өтті. "Науырзым ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ басшысы О.А.Бимағанбетовқа алғыс хат табысталып аудандық кітапхана қорына кітаптар сыйға тартылды.

Просмотров: 10 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 01.07.2025 | Комментарии (0)


Домбыра күніне орай Шолақсай ауылдық кітапханасында «Домбыра күні — ұлттың нұры» атты танымдық кеш өткізілді. Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақты қазақ халқының бай мәдени мұрасымен таныстыру, ұлттық музыкаға деген қызығушылықты арттыру, дәстүрлі музыкалық аспаптарға, өнер иелеріне құрмет сезімін қалыптастыру. Кеш барысында қатысушыларға домбыраның қазақ халқының өміріндегі маңызы туралы айтылып, оның тек музыкалық аспап емес, ұрпақтар сабақтастығын жалғайтын рухани мұра екені түсіндірілді. Кітапханашы домбыраның құрылысы, әр бөлігінің атауы мен атқаратын қызметі жайлы кеңінен мәлімет берді. Домбыраның перне, мойын, шанақ секілді әр бөлігінің өзіндік ерекшелігі мен мән-мағынасы бар екені айтылды. Сонымен қатар ... Читать дальше »

Просмотров: 32 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 01.07.2025 | Комментарии (0)

Мы в социальный сетях