Главная » 2025 » Май » 16


Оқушыларды көркем әдебиет оқуға деген ынтасын, кітапқа құштарлығын арттыратын «ОқыЖәнеЖең» Қостанай облыстық онлайн-байқауына аясында Жамбыл білім беретін мектебі оқушыларының қатысуымен «Өзің оқыда-өзгеге ұсын»  тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесу барысында оқушылар өздері оқыған кітаптар жайлы және өз ой пікірлерімен бөлісті. Іс-шара мақсаты :  Оқушыларды кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, ақыл-ойын, тілін дамыту. Кітап-сарқылмас рухани қазына дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітапқа деген қызығушылығын арттыру.

Просмотров: 25 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 16.05.2025 | Комментарии (0)


Халықаралық отбасы күніне орай Шолақсай ауылдық кітапханасында жас оқырмандар мен олардың аналарына арналған «Отбасы - бақыт мекені» атты қызықты квест-ойыны ұйымдастырылды. Қатысушылар «ана + бала» жұптарынан құралған топтарға бөлініп, түрлі тапсырмалармен бірнеше бекетті өтті. Әр бекетте зейінділікке, тапқырлыққа, шығармашылыққа және отбасылық дәстүрлер туралы білімге арналған тапсырмалар болды. Қатысушылар жұмбақ шешіп, мақал-мәтелдерді жинап, әдеби викториналарға қатысты. Бұл ойындар ата-ана мен бала арасындағы сенімді нығайтуға бағытталды. Іс-шара кітапхананың ұрпақтар сабақтастығын нығайтатын, ортақ демалысты пайдалы әрі қызықты өткізетін орын екенін тағы бір мәрте көрсетті.
Шараның мақсаты:
... Читать дальше »

Просмотров: 19 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 16.05.2025 | Комментарии (0)


Өлеңді ауылдық кітапханасы аналар күніне орай «Ана деген теңдесі жоқ ұлылық» атты көп балалы ата анамен кездесу өткізді. Іс- шараға Бияхметова Жұлдыз Дәулетқызының отбасымен таныс болдық. Іс-шара мақсаты: ананы құрметтеу, еңбегін бағалауға үйрету. Жұлдыз Дәулетқызы қазіргі таңда жеті баланың анасы, күміс алқа иегері. Барлық балалары білімге құштар, өнерлі жандар.  Шара барысында аналарына алғыс лебіздерін білдіру мақсатымен  балалары өз қолдарынан жасалған гүлдер және отбасы тақырыбын ашатын арнайы көрнекіліктер табыстады. Сүйікті тақпақтар арналып, өлең жолдары оқылды. Отбасы туралы көркем сөздер мен әдеби кітаптар табысталды. 

В Улендинской сельской библиотеке прошла встреча с многодетными роди ... Читать дальше »

Просмотров: 20 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 16.05.2025 | Комментарии (0)

Мы в социальный сетях