Главная » 2025 » Февраль » 14


1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғанстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Соғыс– зұлымдық. Жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі –Ауған соғысы. 1989 жыл 15 ақпан – Кеңес әскерінің ақырғы легі  Ауған  елінен біржолата  әкетілді.  Өткеніміз  өз елесінде  қалу  жолында  әр жылдың 15 ақпан күні  — Ауған  соғысына  қатысқандарды еске алу  күні  болып есептеледі.  Осы орайда Науырзым аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері мен Науырзым аудандық кітапхана ұжымы бірлесіп, "Ауған мәңгі есте" атты тақырыптық кеш ұйымдастырды.   ... Читать дальше »

Просмотров: 25 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 14.02.2025 | Комментарии (0)


Ауған күніне орай Науырзым ауылдық кітапханасы ауылдың әкімшілік қызметкерлері, мәдениет үйінің ұжымымен бірігіп «Ауған асуында от кешкендер» тақырыбында патриоттық кеш өткізді. Шараға Ауған соғысының ардагері Есеев Жұбаныш Уәлиұлы арнайы шақырылды.
Іс-шараның мақсаты – Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету, жат жерде қаза тапқан жерлес азаматтарды еске алу және жастарға патриоттық тәрбие беру. Ардагер оқырмандарға отты жылдардың зардабы мен бейбіт өмірдің қадірі туралы кеңінен түсіндіріп, қойылған сұрақтарға толық жауап берді.
Іс-шара соңында қонағымызға құрмет көрсетіліп, дастарқан жайылып, сыйлық табысталды.

В честь Дня Афганской войны Наурзумская сельская библиотека совместно с акимато ... Читать дальше »

Просмотров: 28 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 14.02.2025 | Комментарии (0)


Науырзым аудандық балалар кітапханасында «Кітап + кино: оқимыз, көреміз, талқылаймыз» жобасы аясында  «Трагедия и доблесть афганской войны» атты іс-шара болып өтті.
Оқырмандар назарына ауыр сынақтардан өткен сарбаздардың тағдырын ашып көрсететін кітап көрмесі ұйымдастырылды. Жасөспірімдер кітап беттерін парақтай отырып, жауынгер-интернационалистердің ерлігі, күресі мен рухының беріктігі жайлы біліп, сұрақтар қойып, алған әсерлерімен бөлісті.
Бағдарламаның ерекше бөлігі «Кандагар» фильмін тамашалау. Шынайы оқиғаларға негізделген бұл туынды көрермендердің бойында алаңдаушылық, жанашырлық және кейіпкерлердің ерлігіне деген құрмет сезімдерін тудырды.

В Наурзумской районной д ... Читать дальше »

Просмотров: 26 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 14.02.2025 | Комментарии (0)

Мы в социальный сетях