
2025 жылдың 12 ақпанында Науырзым ОКЖ кітапхана қызметкерлері және мектеп кітапханашысы Кабакова Р. бірігіп Жамбыл жалпы білім беретін мектебінде 8-10 сынып оқушыларымен «#ОқыЖәнеЖең» онлайн-байқауына тіркеу жұмыстарын жүргізді. Кітапханашы жиналғандарға байқаудың мақсаты: ауыл тұрғындарының назарын заманауи тұлғалардың кітап оқу мәдениетін дамыту мәселесіне аудару керек екенін түсіндірді. «#ОқыЖәнеЖең» онлайн оқу байқауын өткізу туралы ережесімен таныстырды, электронды презентация және бейнеролик көрсетіп, байқаудың ережелері мен 2024 жылғы қорытындысына тоқталды. Байқауға қатысуға ниет білдірген оқушылар кітапханашы нұсқаулығын қайталай отырып, онлайн оқу байқауына белсенді тіркелді.
12 февр
...
Читать дальше »