Главная » 2025 » Февраль » 07


Науырзым балалар кітапханасы оқырмандарға «Сұлулық пен денсаулық – табиғат сыйы» атты кеңес-көрмесін ұсынады.
Көрмеде дәрілік шөптер туралы ежелгі аңыздар мен хикаялар жаңғырып, олардың шипалы қасиеттерінің сыры ашылады. Табиғаттың ғажайып сыйларын қалай дұрыс жинап, сақтауға болатынын, өсімдіктердің қуаты қашан артып, қай уақытта жинау керектігін, оларды қалай кептіру қажеттігін біле аласыз.
Табиғат өз сыйларын аямай, адамға шабыт пен қуаныш, күш пен мейірім сыйлайды. Оның даналығына үңіліп, тылсым сырларымен танысқыңыз келсе – көрмемізге келіңіз!

Наурзумская детская библиотека для читателей подготовила выставку-совет «Сұлулық пен денсаулық – табиғат сыйы». На выставке ... Читать дальше »

Просмотров: 41 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 07.02.2025 | Комментарии (0)


Раздольный ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен өткен «Кітап – менің әлемімнің айнасы» атты дөңгелек үстел оқырмандарға рухани азық беріп, білімдерін кеңейтуге көмектескені анық. Бұл шара жас мамандар мен оқырмандар үшін пайдалы болғанына күмән жоқ.
«Оқы және жең» байқауы қатысушыларға өздерінің кітап оқу деңгейін тексеруге мүмкіндік беріп, жаңа білім алуға жол ашты. Сонымен қатар, Касыбаев Ерназар және басқа да оқырмандармен өткен кездесулер жастарға мотивация беріп, оларды кітап оқуға ынталандырды деп ойлаймын.
Осындай мәдени-ағартушылық іс-шаралар жиі ұйымдастырылып тұрса, қоғамдағы кітап оқу мәдениеті сөзсіз арта түсері анық.

В Раздольнинской сельской библиотеке прошел круглы ... Читать дальше »

Просмотров: 44 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 07.02.2025 | Комментарии (0)


Шолақсай ауылдық кітапханасының ұжымы жалғызбасты зейнеткердің ауласын, құдықтың айналасын қардан тазалап, үйіне су кіргізу арқылы қолдау көрсетуді ұйғарды.  Бұл бастама әжейдің өмірін жеңілдетіп қана қоймай, қарт адамдарға қамқорлық жасаудың қаншалықты маңызды екенін көрсетті.
 «Жүректер мейірімділікке ашылар» атты волонтерлік көмектің мақсаты – ерекше қамқорлыққа мұқтаж жандарға қолдау көрсету және көмектесу.  Ол қоғамда жауапкершілік, мейірімділік, өзара көмек көрсету сезімін тәрбиелейді.  Басқаларға көмектесу арқылы адамдар мұқтаж жандардың өмірін жақсартып қана қоймай, сонымен бірге жауапкершілікке, ынтымақтастыққа үйренеді. 
Кез келген адам волонтер бола алады!  
... Читать дальше »

Просмотров: 30 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 07.02.2025 | Комментарии (0)

Мы в социальный сетях