
Науырзым ауылдық кітапханасында Қазақстанның халық жазушысы, қазақ поэзиясының ойшыл ақыны Қадыр Мырза Әлінің туғанына 90 жыл толуына арналған «Өлеңнің тау тұлғасы Қадыр ақын» атты мәнерлеп оқулар болып өтті.
Қадыр Мырза Әлі – халқымыздың ардақты азаматы, өзінің терең ойлы, мазмұнды шығармаларымен қазақ әдебиетінің дамуына зор үлес қосқан тұлға. Шараның негізгі мақсаты – Қадыр ақынның шығармашылығын кеңінен таныту, оның жазып қалдырған мұраларына құрметпен қарап, оқырмандардың әдеби кітаптарға қызығушылығын арттыру.
Шара барысында кітапханашы ақынның өмір жолы мен шығармашылығына кеңінен тоқталып, оның әдеби мұраларына шолу жасады. Қатысушылар, кітапхананың тұрақты оқырмандары, Қадыр ақынның өле
...
Читать дальше »