Мереке ауылдық кітапханасында «Ескерткішті сақтау — өткен өмірге құрмет» атты әңгіме өткізілді. Шараның мақсаты — оқушыларға тарихи мұралар мен қоғамдық мүліктердің маңыздылығын түсіндіру, оларды қорғауға және құрметтеуге баулу.
Іс-шара барысында кітапханашы оқырмандарға ескерткіштер мен құнды мәдени нысандардың әрқайсысы біздің өткенімізді, тарихымызды және ұлттық құндылықтарымызды еске салатынын түсіндірді. Сонымен қатар, мемлекет қазынасындағы құнды заттарды сындыруға немесе оларға зақым келтіруге болмайтыны, бұл әрекеттердің біздің болашаққа деген жауапкершілігімізге ықпал ететіні жайлы айтылды.
Қатысушылар шарадан өздеріне қоғам игілігі мен мәдени мұраны құрметтеудің, оны қорғаудың
...
Читать дальше »