Главная » 2024 » Август » 06


Дәмді ауылдық кітапханасы таза ауа баурайында балалармен «Жаңылтпай айтсақ жаңылтпаш» атты  сайыс ұйымдастырды. 
Шара мақсаты: жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету, қазақтың нақыл сөздерімен бірге қатар жүретін жаңылтпаштарды жатқа айтуға баулу. Жазғы мезгілде, балалардың уақытын тиімді өткізу. 
Көңілді кездесу барысында кіші буын оқырмандарымен бірге  жаңылтпаштар қайталап айтумен қатар жұмбақтар шешімін табу ойыны бірге ойнатылды. 
Жаңылтпаш айту оқырмандарымызға аса қиынға соқпады. Қызу тәлімге толы ойынның куәсі болған ата аналар
тарапынан жақсы лебіздер айтылып, осындай сайыстардың көп болуы тіленді. 

Дамдинская сель ... Читать дальше »

Просмотров: 21 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 06.08.2024 | Комментарии (0)


Науырзым аудандық балалар кітапханасы «Оқырман еліне саяхат» атты кітапхана сағатын өткізді.
Мақсаты: жаз айларында оқырмандардың бос уақытын тиімді пайдалануларына ықпал жасау. 
Кітапханаға келіп, кітап арқылы білімдерін толықтыруға ықпал ету.
Шара барысында кітапханашы оқу залында әр оқырман өзін қызықтыратын кітабын алып оқуға болатындығымен таныстырып, жаңадан түскен әдебиеттермен, ай сайын түсетін мерзімді басылымдармен таныстырып, өздері соңғы рет қандай ертегі оқыса, сол ертегінің кейіпкерлерінің суреттерін салуларын тапсырды. 
Балалар тапсырмаға ерекше ықыласпен қарап: түлкі, қасқыр, қоян және т.б. танымал кейіпкерлерге қылқаламмен жан бітіре білді. 

Наурз ... Читать дальше »

Просмотров: 17 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 06.08.2024 | Комментарии (0)

Мы в социальный сетях