Шолақсай ауылдық кітапханасында Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған «Үлкен Ел - үлкен отбасы» атты халықтар мәдениетінің шеңбері болып өтті. Шараға тұрақты жас оқырмандарымыз шақырылды.
Кездесу «Бір шаңырақ астында» атты кітап көрмесі және мерекенің тарихымен таныстырудан бастау алып, шара барысында балалар тақпақ айтып, ән шырқап, ұлттық ойындар ойнап, викторина мен жұмбақтар шешті.
Іс-шараның мақсаты: өскелең ұрпақтың бойында азаматтық сезімін, патриотизмді қалыптастыруға ықпал ету, өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу, оның тарихы мен мәдениетіне құрметпен қарау, республикамыздағы халықтар достығының тарихымен таныстыру.
...
Читать дальше »