Главная » 2024 » Февраль » 22


Қостанай облысының бас имамы Тәжімбет Бахытбек қажы Нұрғабылұлы «Ислам және дәстүр құндылығы» тақырыбында  аудандық кітапханада ардагерлер клубының мүшелерімен және мәдениет қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесуге «Түркебай» мешітінің имамы Есет Сейтқалиұлы және алқа мүшелері қатысты. Мақсаты: «Ислам және дәстүр құндылығы» бағыты аясында биыл дәстүрімізде қалыптасқан аталар, әжелер мектебін жандандырып, отбасындағы, қоғамдағы әке рөлін барынша насихаттау жұмыстары одан әрі жалғасын таппақ. Бас имам осы тақырып жаңа бастамаларға жол бастайды деген сенеді.

Просмотров: 39 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 22.02.2024 | Комментарии (0)


Шолақсай ауылдық кітапханасында қазақтың ең атақты театр және кино актері, КСРО халық әртісі, қазақ киносының майталманы – Шәкен Аймановтың туғанына 110 жыл толуына орай «Қазақ өнерінің жұлдызы» атты өнер сағаты өтті.  Оқырмандар қазақ киносының алтын қорына енген оннан астам жарқын, қызықты фильмдер түсірген ұлы актердің өмірі мен шығармашылығымен танысты.  Оның қойған көркемсуретті фильмдері: "Махаббат туралы аңыз","Дала қызы","Біздіңсүйікті дәрігер","Алдаркөсе", "Туғанжер" т. б. Оқырмандар назарына Ш.Аймановтың шығармашылық және тұрмыстық өмірінен алынған слайдтар, кинокадрлар, кітап-альбомдар ұсынылды.

&n ... Читать дальше »

Просмотров: 60 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 22.02.2024 | Комментарии (0)

Мы в социальный сетях