Бүгін аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетіне берген «Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек» атты мақаласын талқылау мақсатында кездесу болып өтті. Кездесуге аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, мемлекеттік мекемелердің және кітапхананың кызметкерлері қатысты. Талқылау барысында еліміздің саясаты, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы, Қаңтар қасіреті, қоғамдағы тұрмыстық зорлық-зомбылық, Атом станциясының құрылысы секілді өзекті тақырыптар бойынша ойларымен бөлісті. Сондай-ақ, қатысушылар тіл және жастар саясаты, патриотизм тақырыбына тоқталып, пікірлерін ортаға салды.
...
Читать дальше »