Главная » 2023 » Ноябрь » 23


Шилі ауылдық кітапханасында әйгілі педагог, ағартушы, Қостанай жерінің тумасы Спандияр Көбеевтің 145-жылдығына арналған «Қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы» атты жазушының шығармашылығына шолу ұйымдастырылды. 
Мақсаты: Спандияр Көбеевтің педагогикалық және шығармашылық мұрасын насихаттап, оқырмандарды кітап оқуға баулу, атақты жерлестеріміздің өмір жолы, ұстаздық шыңдарын көрсетіп, даңқтарын асқақтату. 
Шара барысында Ыбырай ашқан мектептері жайлы, Көбеевтің ұстазының жолын үлгі тұтып, ағартушылық идеясын педагогтік қызметі арқылы насихаттап өткенін және де Түбек, Шолақсай, Боровской ауыл мекендерінде ауылдық мектеп ашуына өз үлесін қосқаны туралы толығырақ айтылды.

 

В ... Читать дальше »

Просмотров: 75 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 23.11.2023 | Комментарии (0)


Өлеңді ауылдық кітапханасы Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл толуына орай «Балаңа ғылым үйрет жас күнінде» атты дөңгелек үстел өткізді.
Іс шараның мақсаты: оқырмандардың білімдерін кеңейту, Шәкәрімнің өлеңдері арқылы рухани байлық, адамгершілік қасиетін қалыптастырып, ішкі жан тазалығына, білімге баулу. 
Іс-шара Өлеңді ауылы негізгі мектебі мұғалімдерінің қатысуымен өткізілді. 
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар Шәкәрімнің қысқаша өмірбаянына тоқталып, ақынның өлең жолдарының негізгі түйінін талқылады. 
Сондай-ақ, кітап көрмесі ұйымдастырылды. 
 


Улендинская сельская библиотека организовала круглый стол под названием «Балаңа ... Читать дальше »

Просмотров: 66 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 23.11.2023 | Комментарии (0)


Мереке ауылдық кітапханасында «Спандияр Көбеевтің әдеби мұрасы» әдеби танысуы өткізілді. Шара жазушының құнды еңбегімен тереңірек танысып, оқырмандардың бас қосып, пікірлері мен ойларын ортаға салуына мүмкіндік тудырды. 
Мақсаты: Көбеевтің өмірі мен кеңес өкіметі орнаған жылдарда қазақ даласындағы білім беру саласындағы өзгерістермен таныстыру.
Талқылау барысында жоғары ұпай алып, белсенді болған оқырман, үздік оқырман атағын иеленді.

 

В Мерекенской сельской библиотеке состоялось литературное знакомство «Литературное наследие Спандияра Кобеева». Мероприятие позволило читателям глубже познакомиться с ценным трудом писателя, 
вместе поделиться разными ... Читать дальше »

Просмотров: 58 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 23.11.2023 | Комментарии (0)

Мы в социальный сетях