Главная » 2023 » Апрель » 07


Өлеңді ауылдық кітапханасы Қостанай облысының сан қырлы санаткері Ғафу Қайырбековке арнап «Аманат жырлары» өлең жолдарын оқу акциясын ұйымдастырды.  Мақсаты: Ақынның туындыларын Өлеңді ауылы тұрғындары арасында насихаттау.
Акцияға барлық ұйым қызметкерлері, солардың ішінде «Балдәурен бөбекжайы» қызметкерлері, мектеп мұғалімдері, ауылдық фельдшер, пошта қызметкері және кітапхананың тұрақты оқырмандары, басқа ұлт өкілдері де қатысты. Іс-шара барысында ақынның өмір жолы жайында қысқаша ақпарат беріліп, өздері оқыған өлең жолдарының түйіні талқыланды.

 

Улендинская сельская библиотека организовала акцию чтения произведении Гафу Каирбекова   «Аманат жырлары» ... Читать дальше »

Просмотров: 106 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 07.04.2023 | Комментарии (0)


Науырзым аудандық кітапханасы Халық батыры Амангелді Үдербайұлы Имановтың 150 жыл толуына  Жамбыл жалпы білім беретін мектебінің   «9 А», «9 Б» сынып оқушыларымен  «Амангелді батырым» тақырыбында тарихи  сағат өткізді. Іс-шараның мақсаты: Ұлт азаттық көтерілістің батыры А. Имановтың өмірі мен ерлік  істері жайында мағлұмат беру. Өз ойларынан қорытынды жасай білуге дағдыландыру. Батырлыққа, ерлікке, отанын, елін қорғай білетін азамат болуға тәрбиелеу. Сонымен қатар кітап көрмесіне шолу жасалып, таныстырылды.

Просмотров: 135 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 07.04.2023 | Комментарии (0)

Мы в социальный сетях