Главная » 2023 » Март » 16


Науырзым аудандық кітапханасы Ұлыстың Ұлы күні  Наурыз мерекесіне орай «Наурыздың ғасырлық дәстүрлері» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды. Дәстүрлі қазақ қоғамында Ұлыс күні жыл басы саналған. Халықтың мифологиялық түсінігі бойынша 21 наурыз түні даланы Қыдыр аралайды. Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Көрменің мақсаты: Оқырмандарды  Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін тойлау,ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып жайында кейінгі ұрпаққа мирас еткен асыл мұрасын қадірлеп, қастерлеуге, қасиетін түсінуге баулу. Наурыз мерекесін қалай атап өтетіндігін таныстыру, ұлттық салт — дәстүрлерді құрметтеп, оларды мақтан етуге тәрбиелеу.

Просмотров: 105 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 16.03.2023 | Комментарии (0)


Өлеңді ауылдық кітапханасы және мәдениет үйі қызметкерінің ұйымдастырылуымен «Наурыз – шаттық меркесі» атты іс-шаралар циклы атап өтілді.
Іс-шараның мақсаты: оқырмандарға қазақ халқының салт дәстүрін үйретуге, Наурыз мейрамының ерекшелігі жайында түсінік беріп, рухани дамуларына үлес қосу. 
Бұл мерекелік іс-шараға ауылдық кітапхананың тұрақты оқырмандары белсене қатысты. Қазақ халқының салт дәстүрі жайында кітап көрмесі тамашаланып, артынан ұлттық ойындар мен мерекелік концерт өткізілді. Қыдыр ата мен Наурыз қыз наурыз көжеден ауыз тиді.  Арқан тартысу, асық ату, қол күрестіру сияқты ұлттық ойынымызда жеңімпаздар анықталып, сыйлықтар таратылды. Бесікке салу салт дәстүрі көрсетілді.

... Читать дальше »
Просмотров: 127 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 16.03.2023 | Комментарии (0)

Мы в социальный сетях