"Халықаралық әкелер күні" маусым айының үшінші демалысына келіп отыр. Осыған орай аудандық кітапхана мен мәдениет үйі "Әке-алтын діңгек" тақырыбында кездесу өткізді. Іс шараға ауданымыздың әртүрлі маман иелерінен құралған әкелер қатысты. Өздерінің бала тәрбиелеу тәжірибесімен бөлісті. Бұл жердегі құндылық жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, ұлттық салт-дәстүрімізге байланысты әке орнының ерекше екенін ұғындыру дейді жиынға қатысушылар.