Главная » 2022 » Март » 05


Шилі ауылдық кітапханасы 
8-ші Наурыз көктем мерекесіне арнап аяулы анаға деген махаббатты,жыр оқып жеткізу арқылы оқырманның бойына мейірім, құрмет,алғыс сезімдерін қалыптастыру,
әдебиетке,поэзияға сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында 
Шилі ауылдық кітапханасы 
"Анаға арнау"атты поэтикалық флешмоб ұйымдастырды. 
Ж.Нәжімеденов,
Т.Айбергенов,
М.Мақатаев,
Қ.Мырзали және т.б.ақын-жазушылардың шығармалары оқылды.
К весеннему празднику 8марта, с целью пропаганды поэтической литературы,
приобщения читателей к выразительному чтению,выражение любви,уважения к маме,через  поэзию, раскрыть величие матерей,любовь и уважение каждого человека ... Читать дальше »

Просмотров: 148 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 05.03.2022 | Комментарии (0)


Көктемнің алғашқы мерекесі - 8 наурызға орай  Раздольный ауылдық кітапханасында   "Аналар,асыл жандар!" атты  қағаздан гүл шоғын жасау бойынша мастер класс ұйымдастырылды. Аталған іс-шарада балалар өз  шеберліктерін көрсетіп, қағаздан гүл шоғын жасап, аналарын мерекелерімен құттықтады. Іс-шара мақсаты:Әйел- отбасының ұйытқысы,бала тәрбиесінің бағбаны,тіршіліктің тұтқасы екенін балалар санасына ұялату.Қасиетті ұғымның барлығын Анаға байланысты айтамыз. Сондай- ақ,төл тілімізді де ана сөзіне байланыстырып, Ана тіліміз дейміз. Ендеше оқушылардың санасына үлкенге ізет,кішіге құрмет көрсетуге баулу, Ананың қадірін білуге тәрбиелеу. 

В Раздольненской сельской библиотеке  в честь 8 м ... Читать дальше »

Просмотров: 168 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 05.03.2022 | Комментарии (0)


Кележатқан Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында Шолақсай ауылдық кітапханасында «Гүл мен нұр мейрамы» атты мадақтау кеші өтті.  Мақсаты: кітапханаға ауыл тұрғындарына баруды насихаттау, көпшілік іс-шараларға қатысуға шақыру және құрметті аруларымыздың арасында мереке алдындағы көңіл-күйдің жылы атмосферасын құру.  Шараға кітапханамыздың белсенді оқырмандары мен келушілері қатысты.  Олар көңілді сайыстардан, күлкілі викториналардан, үш тілде болжаған сөзжұмбақтардан мерекелік ойын бағдарламасына қатысты. Әжелер, аналар мен қыздарға арналған өлеңдер оқылды, мәдени орталық қызметкерлерінің орындауындағы әндерден шырқалды.  Шара соңында «Ұлы даланың арулары» атты кітап көрмесі ... Читать дальше »

Просмотров: 163 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 05.03.2022 | Комментарии (0)


Бүгін 4-ші наурыз күні аудандық кітапханада 8- науырыз халықаралық  аналар  мерекесіне орай, «Ана мәңгілік шуақ төккен ғасырларға» тақырыбмен әжелер сайысы өткізілді.  Іс-шараның мақсаты: Қазақтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын бойға сіңіру арқылы жас ұрпақты тәрбиелеу. Әже тәрбиесін үлгі ете отырып,  өнегесін күнделікті  өмірде іске асыру болып табылады.  Бесік жырын құлағына  сіңіре өскен бала болашақта өз баласына да махаббатын бере алады.  Аталған іс-шарамызға ауданымыздың ақ жаулықты  әжелері  немерелерімен қатысты.

Просмотров: 185 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 05.03.2022 | Комментарии (0)

Мы в социальный сетях