2021 жылы «Балалар әдебиеті жылы» деп жарияланды. Осыған орай Науырзым ауылдық кітапханасында «Ертегілердің сиқырлы әлемі» атты библиосаяхат өткізілді. Саяхатқа даярлық тобының кішкентай бүлдіршіндері келіп, түрлі кітаптармен танысты.
Іс-шара барысында балалар бір-бірімен ертегі кітаптарын талқылап, кітапхана бөлімдерін аралап қайтты.
Шара мақсаты: балалардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, кітап арқылы мейірімлілік пен ізгілікке тәрбиелеу.