Шолақсай ауылдық кітапханасында Ғарыш күніне орай «Ғарыш. Тоқтар Әубәкіров. Талғат Мұсабаев» атты ғарыштық калейдоскоп өтті. Іс-шараға бастауыш сынып оқырмандары қатысты.
Балалар ғарыш әлеміне қызықты «саяхат» жасап, ғарышты игеру тарихымен танысты, алғашқы ғарыштық ұшулар туралы тың деректер білді. Сонымен қатар қазақстандық ғарышкерлер — пен туралы мағлұмат алды. Іс-шара барысында оқушылар викториналық сұрақтарға жауап беріп, ғарыш тақырыбындағы жұмбақтарды шешіп, өз білімдері мен армандарын ортаға салды.
Іс-шараның мақсаты: балалардың таным көкжиегін кеңейту, ғылым мен ғарышқа деген қызығушылығын арттыру, отандық ғарышкерлердің жетістіктеріне деген мақтаныш сезімін қалыптастыру.

... Читать дальше »

Просмотров: 6 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: Вчера | Комментарии (0)


Мереке ауылдық кітапханасында "Планеталар және олардың серіктері" тақырыбында қызықты хабарламалар сағаты өтті. Планеталар мен олардың серіктерін таныстырып, табиғат заңдылықтарын тереңірек түсінуге мүмкіндік берілді.

Просмотров: 3 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: Вчера | Комментарии (0)


Жыр алыбы Жамбылдың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүю, оны бағалай білуге ұғындыру, ақын шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін оятып, адамгершілікке,
елінің өнерін сүюге тәрбиелеу
мақсатында Шилі ауылдық кітапханасы  қара өлеңнің алыбы, даланың дархан данасы Жамбыл Жабаевтың 180-жылдығына орай
 «Қазақ  даласының  жыр  алыбы»  тақырыбымен  әдебиет сағатын ұйымдастырды.
Халық поэзиясының алыбы Ж.Жабаевтың есімі бүгінде  дүние жүзіне мәлім. Ғасыр жасап, екі заманның бірдей куәсі болған ақын өз тағдырын туған халқымен тұтастырып, оның бар өмірін, биік мұратын, мұң-мүддесін жырына арқау етті, дәстүрлі қазақ жырын жаңа дәуірдің талап-т ... Читать дальше »

Просмотров: 13 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: Вчера | Комментарии (0)


Ғарышкерлер күніне орай балалар кітапханасында «Ғарыш әлемінің ғажайыптары» атты қызықты ғарыш сағаты өткізілді. Іс-шара кішкентай оқырмандарға жұлдыздар мен ғаламшарлардың тылсым да тартымды әлеміне еніп, қоршаған ғарыш туралы білімдерін кеңейтуге және өздерін нағыз Ғалам зерттеушілері ретінде сезінуге мүмкіндік берді.
Кездесу барысында балалар ғарышкерліктің даму тарихымен танысты: жарқын әрі мазмұнды презентация арқылы адамзаттың ғарыш кеңістігін қалай кезең-кезеңімен игергенін, қандай жаңалықтар ашылғанын және алғашқы ғарыш бағындырушылар қандай қиындықтарды еңсергенін білді. Оқырмандар ғарыш викторинасының сұрақтарына жауап беріп, ғаламшарлар, жұлдыздар мен ғарыш құбылыстары туралы қызықты жұмбақтарды шешу ү ... Читать дальше »

Просмотров: 7 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: Вчера | Комментарии (0)


Науырзым ауылдық кітапханасында мектеп кітапханасымен бірлесіп “Ғарыш ғажаптары” атты тақырыптық сағат өткізілді . Іс- шара барысында оқушылар ғарыш әлемінің құпияларымен танысып, планеталар, жұлдыздар және ғарышкерлер туралы қызықты мәлімметтер алды. Іс- шараның мақсаты оқушыларға ғарыш әлемі туралы түсінік беру, олардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру және танымдық қабілеттерін дамыту болды. Іс- шара соңында оқушылар ғарыштық құпиялары туралы ойларын айтып, өз әсерлерімен бөлісті. Тақырыптық сағат өте қызықты және мазмұнды өтті.

Просмотров: 7 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 10.04.2026 | Комментарии (0)


Елімізде дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында биыл Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романы таңдалды. Осыған орай Науырзым аудандық кітапханасында «Ұлт мұңын жырлаған ұлы қаламгер» атты тағылымы мол әдеби кеш өтті. Кеш барысында қаламгердің өмірі мен шығармашылығы кеңінен таныстырылып, «Тағдыр» романы жайлы өз ойларын ортаға салды. Қатысушылар ұлттық құндылықтарды дәріптеген туындының өзектілігін атап өтіп, рухани мұраға деген қызығушылықтарын білдірді. Туындының тарихи маңызы мен тәрбиелік мәні кеңінен талқыланып, ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі орны ерекше екені атап өтілді. Кеш соңында арнайы кітап көрмес ... Читать дальше »

Просмотров: 4 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 10.04.2026 | Комментарии (0)


Науырзым ауылдық кітапханасында “Бір ел - бір кітап “акциясы аясында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтың “Тағдыр” романына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты- оқырмандарды тарихи тағылымға толы шығарма арқылы халқымыздың өткен өмірімен таныстыру және кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру.  “Тағдыр” романы- қазақ халқының қилы кезеңдегі өмірін , ел мен жер тағдырың , ұлттық рухани күресін терен бейнелейтін шығарма . Көрмеде жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер , сондай- ақ оның басқа да туындылары ұсынылды. Оқырмандар көрме барысында кітаппен танысып қана қоймай , өз пікірлерімен бөлісіп , әдеби талқылауға қатысты.

Просмотров: 6 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 08.04.2026 | Комментарии (0)


«Барлығымыз біргеміз – сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» атты әңгіме сағаты Раздольный ауылдық кітапханасында ұйымдастырылды. Іс-шараға әкімшілік ұжымы мен оқырмандар қатысып, қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың зияны, оның алдын алу жолдары туралы кеңінен пікір алмасты. Қатысушылар адалдық пен әділдікті насихаттап, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. Әңгіме барысында түрлі мысалдар келтіріліп, ой-пікірлер ортаға салынды. Іс-шараның мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайтып, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру.

Просмотров: 4 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 08.04.2026 | Комментарии (0)


Оқырмандарға ғарыш әлемі туралы мағлұмат беру, тұңғыш ғарышкер Юрий Гагариннің өмірі мен ерлігін таныстыру арқылы жас ұрпақты білімге, батылдыққа және отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында Өлеңді ауылдық кітапханасында «Ғарышқа ұшқан тұңғыш адам» атты қызықты деректі сағат өткізілді.Шара барысында оқырмандарға ғарыш әлемі таныстырылып, Юрий Гагариннің өмір жолы, ғарышқа ұшуы және оның тарихи маңызы туралы мәліметтер берілді. Сонымен қатар, балаларға арналған сұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылып,балалар ғарыш тақырыбына байланысты суреттер бояп, өздерінің шығармашылық қабілеттерін танытты.

В сельской библиотеке  села Уленды был проведён познавательный тематический час под названием «Первый человек, полетев ... Читать дальше »

Просмотров: 5 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 08.04.2026 | Комментарии (0)


Шолақсай ауылдық кітапханашысы «Ескерткіштер — өткеннің мәңгілік естелігі» атты тәрбиелік акция аясында оқушылармен Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жерлес жауынгерлерге арналған ескерткіш жанында әңгіме өткізілді. Оқушылар ерлік, тарихи жад және ескерткіштерді қорғау, оларды вандализмнен сақтау маңыздылығы туралы ой бөлісті.
Іс-шараның мақсаты — жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, тарихи-мәдени мұраға ұқыпты қарауға тәрбиелеу және ескерткіштерді қорғауға деген жауапкершілікті арттыру.

 

В рамках воспитательной акции «Памятники — память о былом» библиотекарь Шолаксайской сельской библиотеки с учащимися провела беседу у памятника воинам-землякам, п ... Читать дальше »

Просмотров: 31 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 06.04.2026 | Комментарии (0)

1 2 3 ... 208 209 »
Мы в социальный сетях