Главная » Архив материалов


Дүниежүзілік дауыстап оқу күніне орайластырылған «10–шы аймақ оқиды» облыстық акциясы аясында биылғы жылы Бердібек Соқпақбаевтың шығармалары таңдалды. 
Бұл акцияға Науырзым ОКЖ-нің ауылдық кітапханалары да белсене қатысты: Шолақсай а/к-да «Сүйікті балалар жазушысы - Бердібек Соқпақпаев» әдеби танысуы, Дәмді а/к-да «Балалық шаққа саяхат» шығармадан үзінділерді дауыстап оқуы, Науырзым а/бк-да «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» кітап көрмесімен таныстыруы, Шилі а/к «Балалықты әдебиетке әкелген» әдеби-диалог алаңы, Раздольный а/к «Балалық шаққа саяхат» шығармасынан үзінділер оқуы шаралары болып өтті. 
Акцияға барлығы 131 оқырман қ ... Читать дальше »

Просмотров: 9 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 26.03.2024 | Комментарии (0)


Өлеңді ауылдық кітапханасы Ұлыстың ұлы күніне орай «Әз Наурыз – жаңару мен жаңғырудың белгісі» атты мерекелік іс-шаралар циклі атап өтілді. Іс-шараның мақсаты: рухани құндылықтарды, салт-дәстүрімізді дәріптеу, халықтың бірлігі мен келісімін нығайту, Наурыз мерекесінің мәртебесін көтеру.
Мерекелік іс-шаралар «Көрісу күнімен» басталып, оған кітапхананың тұрақты оқырмандары, ұйым қызметкерлері белсене ат салысты. Бір бірлеріне жылы лебіздерін білдіріп, амандықтарын тіледі.
Одан әрі «Ұлттық киім күнін» дәріптеу мақсатында оқырмандар мен бірге ақ орамал, ою-өрнекті қамзөл, кимешек сияқты ұлттық киімдерімізді насихаттау уақыты орын алды.
«Наурыз бата» күнін ... Читать дальше »

Просмотров: 13 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 22.03.2024 | Комментарии (0)


Науырзым аудандық кітапханасында Ұлыстың ұлы мерекесі  наурыз мейрамы қарсаңында  19 наурыз-Жаңару күніне орай «Наурыз – көктем, береке және жаңару мерекесі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараның мақсаты:  Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Наурыз мерекесін ұлттық салт-дәстүрімізбен, әдет-ғұрыптарымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйспеншілігін артыру. Іс-шараға Түркібай мешітінің бас имамы Есет Ғабдімәлікұлы, ауданымыздың құрметті ақсақалдары, мекеме жұмысшылары қатысты.

... Читать дальше »

Просмотров: 10 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 20.03.2024 | Комментарии (0)


Шилі ауылдық кітапханасы Ұлыстың Ұлы күніне орай «Армысың, әз-Наурыз!» атты мерекелік бағдарлама ұйымдастырды. Мақсаты: әз-Наурыз мерекесінің мәртебесін арттырып, мазмұнын байыта түсіру, ұлттық тағылым, салт-дәстүрлерді насихаттау.
Шара барысында еліміздің Президенті Қ.К.Тоқаевтың жарлығымен Наурыз мерекесі жаңаша аталып өтетініні туралы сөз қозғалып, мерекенің тарихынан кеңірек ақпарат берілді. 
Ұлттық әсем әуен, керемет безендірілген кітапхана, көрме-инсталляциялары қатысушыларға ғажап мейрам көңіл-күйін сыйлады. Ақ кимешек, ақ орамал және тағы да басқа ұлттық киімдердің тарихы жіне қасиеттері айшықталды. Баталы сөздер айтылып, тілектер жаудырылды.

 

В Шилинской сельской ... Читать дальше »

Просмотров: 13 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 19.03.2024 | Комментарии (0)


Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай Раздольный ауылдық кітапханасында «Қонақжай қазақтың берекелі дастарханы» атты мерекелік іс-шара өткізілді. 
Басты мақсаты – халқымыздың ежелден келе жатқан салт-дәстүрін және ұлттық құндылықтарын дәріптеу.
Шараға арналып жасалған кітап көрмесіне Наурыз тойының табиғаты, шығу төркіні, қазақ халқының дастарханы, ұлттық тағамдары туралы басылымдар мен буклеттер қойылды. Сонымен қатар, қазақ халқының ерекше қасиеті - қонақжайлылығын дәріптеп, төрт түлік мал сүті және одан жасалған айран, қымыз, шұбат, құрт, май тағамдарынан қатысушы оқырмандарға дастархан жайылды.
Шара меймандары: Кабылдин Серік, Алмаганбетов Ерлан, Гарашов Низам, Кабылдина Қымб ... Читать дальше »

Просмотров: 13 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 19.03.2024 | Комментарии (0)


Науырзым аудандық балалар кітапханасында «Мектебім, менің мектебім» тақырыбымен «Сөз құдіреті» ХI аудандық мәнерлеп оқу байқауы болып өтті. Аудан мектептерінен 4 қатысушыға сайысқа қатысу құрметі бұйырып, барлық сайыскерлер өзіндік ерекшеліктерімен көзге түсті. Қазылар алқасы байқаудың қорытындысын шығарып, келесі номинациялар бойынша жеңімпаздарды марапаттады:
«Әртістік» - Алжаганова Зейнеп, Докучаев ЖББМ., 6 сынып, Л. Калаус «Прелести квадратных уравнений».
«Мұра» - Ермұхамбет Кәусар, Науырзым ОМ., 7 сынып, Г. Бельгер «Ұстаз».
«Ерекше таңдау» - Төлеген Лунара, Науырзым ОМ., 7 сынып, Т. Нұрмағамбетов «Қош бол, ата! ... Читать дальше »

Просмотров: 15 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 19.03.2024 | Комментарии (0)


Біздің заманауи дамыған қоғамда тұратынымызға қарамастан, отбасылардағы тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары өте жиі кездеседі. Көбінесе адамдар бұл туралы ашық айтпайды. Қазақстан Республикасының Конституциясында адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды, әркімнің ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар деп анық жазылған.
Осы орайда аудандық орталық кітапханасы «Тұрмыстық зорлық-зомбылық - қоғам дерті» атты кітап көрмесін  ұйымдастырды. Мақсаты - қоғамдағы зорлық-зомбылықтың жолын кесуде халықты сауаттандыру, жәбірленушілерге ақпараттық көмек көрсету.

 

Несмотря на то, что мы живем в современном развитом обществе, случаи домашнего насилия в семьях очень распространены. ... Читать дальше »

Просмотров: 7 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 18.03.2024 | Комментарии (0)


Дәмді ауылдық кітапханасында Ұлыстың ұлы күні қарсаңында «Ою ояр, ойлы ойлар» тақырыбымен «Шебер қолдар» үйірмесі қатысушыларының кезекті жұмыстары: фетр матасынан «Тұмарша», «Торсық» оюлары жасалынып, қолөнер жұмысында «Алтыбақан» макеті қыздардың ұшқыр әсем фантазияларын бірге біріктірді. 
Сондай-ақ, белсенді шеберлеріміз келесі жұмыстарында этно-картина жасау жоспарымен де бөлісті. 
Мақсаты: қолөнер қабілеті мол оқырмандарымыздың бос уақытын тиімді, әрі пайдалы форматта өткізуді ұйымдастыру.

 

В преддверии праздника Наурыз в Дамдинской сельской библиотеке были выполнены очередные творческие работы участников кружка &l ... Читать дальше »

Просмотров: 10 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 18.03.2024 | Комментарии (0)


Президенттің тапсырмасы аясында «Наурыз мейрамын тойлау тұжырымдамасын бекіту туралы» үкімет қаулысының жобасы әзірленіп, тұжырымдамаға  сәйкес 17 наурыз- «Алтын шаңырақ» «Күміс кереге» - 50 және 25 жыл бірге өмір сүрген ерлі-зайыптыларды құрметтеу күні болып бекітілген болатын. Мақсаты - 50 және 25 жыл бірге өмір сүрген ерлі-зайыптыларды құрметтеу. Үлгілі отбасыларды іріктеудің басты критерийі – «Адал азамат» құндылықтарына сәйкес балалар мен немерелерді тәрбиелеу. Отбасын Отанына балайтын, жанарымен жаныңды баурайтын, ата-ананы қадірлеп, үлкендерді сыйлайтын, кішілерге қамқор, ағайынға абыройлы, құдай қосқан қосағымен бірге әдемі қартаюды нәсіп еткен ақ жаулықты ... Читать дальше »

Просмотров: 15 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 17.03.2024 | Комментарии (0)


17-ші наурыз Ұлыстың ұлы күні әз Наурыз мерекесі қарсаңында Науырзым аудандық кітапханасымен балалар кітапханасы және  науырзым аудандық ардагерлер кеңесі  бірлесіп  «Бата-ұлттық тәлім тәрбиенің бастауы» тақырыбында іс-шара өтті.    Мақсаты:  оқырмандарымызға  бата-тілек  туралы түсінік беру. Бата түрлерімен таныстыру, тәрбиелік мәніне тоқталу. Ғасырлар бойы ауыздан ауызға тарап, көшпелі өмірдің келбетіне айналған бата – қазақ салт-дәстүрінің ішінде әлі күнге дейін қолданыста жүрген дәстүрдің бірі.  Қазақ халқының дінімен біте қайнасқан дәстүрінің көрінісі. Қасиетті дінімізде Жаратушыдан дұға арқылы медет тілесе, дәстүрімізде бата арқылы жақсы ниет, ықылас біл ... Читать дальше »

Просмотров: 16 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 17.03.2024 | Комментарии (0)

« 1 2 3 4 5 ... 127 128 »
Мы в социальный сетях