Главная » Архив материалов


Раздольный ауылдық кітапханасында қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында «Зорлық-зомбылық – қоғам дерті» атты дөңгелек үстелі өткізілді. Іс-шараға ауыл әкімшілігі, мекеме қызметкерлері және ауыл тұрғындары қатысты.
Шара барысында кітапхана қызметкерлері қоғамдағы зорлық-зомбылықтың түрлі қырлары, оның салдары мен алдын алу жолдары туралы ақпараттармен бөлісті. Қатысушылар арасында пікірталас ұйымдастырылып, зорлық-зомбылықты болдырмау үшін әрбір адамның азаматтық жауапкершілігін арттыру қажеттігі жан-жақты талқыланды.
Іс-шара соңында тақырыпқа байланысты арнайы көрме қойылып, қатысушыларға ақпараттық буклеттер таратылды.
Бұл шараның басты мақс ... Читать дальше »

Просмотров: 77 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 25.11.2024 | Комментарии (0)


Дәмді ауылдық кітапханасында қазақ әдебиетінің классигі Әбіш Кекілбаевтың 85 жылдығына арналған «Кекілбаев кеңістігі» атты кітапхана кинозалы өтті. Атаулы шара барысында жазушының шығармашылық мұрасына, әдеби әлеміне саяхат жасалды.
Кітапхана арнайы бөлінген алаңында жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы деректі фильмдер, театрландырылған қойылымдарынан үзінділер және сұхбаттары көрсетілді.
Әдебиет сүйер қауым жазушының шығармаларына қатысты ойларымен бөлісіп, оның кейіпкерлерінің терең философиялық мәнін талқылады. Сонымен қатар, кітапханашы Әбіш Кекілбаевтың туындыларының мазмұны мен тіл байлығы туралы қызықты деректер ұсынды.
Шара аясында кітап көрмесі де оқырман назарына ұсынылды. Көрм ... Читать дальше »

Просмотров: 63 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 25.11.2024 | Комментарии (0)


Науырзым ауылдық кітапханасында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, сөз зергері Бейімбет Майлиннің туғанына 130 жыл толуына орай «Бейімбет Майлин – қазақ әңгімесінің қас шебері» атты кітап акциясы өтті.
Іс-шараның мақсаты – оқырмандарды жазушының өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, олардың ой-өрісін кеңейту, әдебиетке деген қызығушылығын ояту және адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Шара барысында Бейімбет Майлиннің әдеби мұрасына шолу жасалды. Қатысушылар оның шығармалары туралы пікір алмасып, жазушының қазақ әдебиетіндегі орны мен маңыздылығы жөнінде өз ойларын ортаға салды.
Бейімбет Майлин – қазақ әдебиетінің негізін қалаған көркем сөз шеберлерінің бірі. Ол поэзия, проза, ... Читать дальше »

Просмотров: 72 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 22.11.2024 | Комментарии (0)


Қазақстанның Ұлттық валютасы күніне орай Шолақсай ауылдық кітапханасы оқырмандарына «Қазақстан тарихы банкноттарда» атты слайд-саяхат өтті.  Балалар Қаржы еліне қызықты саяхат жасап, теңгенің пайда болу және даму тарихымен, монеталар мен банкноттардың авторларымен таныстырылды.  Ал саяхат соңында оқырмандарға викторина және қаржылық сауаттылық негіздері бойынша кітаптарға шолу мен кіріспеден тұратын ойын бағдарламасы өткізілді.  Іс-шараның мақсаты: Ұлттық валютаның шығу тарихымен, өмірдегі рөлімен таныстыру, кітаптар мен қызықты ойындар арқылы қаржылық сауаттылықты дамыту.

Шолаксайской сельской библиотеке ко Дню национальной валюты Казахстана для читателей было проведено слайд-путешестви ... Читать дальше »

Просмотров: 60 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 15.11.2024 | Комментарии (0)


Дәмді ауылдық кітапханасына Дәмді жалпы білім беретін мектебінің 4-сынып оқушылары мен ұстазы Киікбаева Күлмайра Мадиғалиқызы «Теңге – Қазақстанның ұлттық символы» атты ойын сағатына қонаққа шақырылды.
Ойын сағаты барысында қазақ теңгесінің пайда болу тарихы туралы қысқаша әрі қызықты әңгіме жүргізіліп, ақшаның маңыздылығы түсіндірілді.
Оқушыларды командаларға бөліп, түрлі номиналдағы теңгелер қарастырылды, олардың дизайны мен ерекшеліктері талқыланды.
Теңге бетінде бейнеленген ұлы тұлғалардың кім екені анықталды. Сонымен қатар, сұрақ-жауап бөлімі өткізіліп, Қазақстан тарихындағы маңызды жылдарға қатысты даталар талқыланды.
Теңге тарихындағы қызықты деректермен таныстырылды. Оқырм ... Читать дальше »

Просмотров: 59 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 15.11.2024 | Комментарии (0)


Мереке ауылдық кітапханасында ұлттық валюта күніне арналған «Теңге – тәуелсіздіктің темір қазығы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шара ұлттық валютаның қалыптасу тарихына үңілу арқылы оқырмандарға елдің экономикалық дербестігі мен тәуелсіздігі жайлы кеңірек түсінік беру мақсатында өткізілді.
Көрмеде теңгенің алғашқы үлгілерінің фотосуреттері мен мұрағаттық материалдар таныстырылды.
Іс-шара аясында оқырмандарға теңгенің тек қаржылық құндылық қана емес, тәуелсіздіктің символы ретінде қандай мәнге ие екені түсіндірілді. Теңгенің айналымға енгізілуінің артында үлкен еңбек пен саяси шешімдер тұрғаны айтылып, оның дизайны мен қауіпсіздік элементтері жайлы қызықты мәліметтер берілді.
Соныме ... Читать дальше »

Просмотров: 38 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 15.11.2024 | Комментарии (0)


Шилі ауылдық кітапханасы Ұлттық валюта күніне орай «Ақша тиыннан құралады» атты қаржылық сауаттылық мектебін өткізді.
Мақсаты: қатысушыларды ұлттық валюта – теңгенің тарихымен таныстыру, қаржылық сауаттылықтарын және жеке қаржы басқару дағдыларын арттыру.
Іс-шара барысында қатысушылар теңгенің айналымға енгізілу тарихы, оны жасаған адамдар және ұлттық валютаның Қазақстан экономикасы мен саясатына маңызы туралы мәлімет алды. Әсіресе, әр адамның өміріндегі қаржылық сауаттылықтың маңыздылығын талқылауға ерекше көңіл бөлінді. Жүргізушілер отбасы бюджетін жоспарлау, жинақ, несие және депозит ұғымдары туралы айтып, кіріс пен шығысты дұрыс жоспарлаудың әдістерін түсіндірді.
Білімді бекіту мақс ... Читать дальше »

Просмотров: 61 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 14.11.2024 | Комментарии (0)


Науырзым ауылдық кітапханасында 15 қараша – Ұлттық валюта күніне орай оқырмандармен «Теңге – тәуелсіздік символы» атты ақпараттық минут өткізілді. Іс-шараға тұрақты оқырмандар белсенді қатысып, тақырыпқа үлкен қызығушылық танытты. Мерекеге орай арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылып, онда теңге мен оның тарихына арналған кітаптар, мақалалар мен фотоматериалдар қойылды.
Мақсаты: Тәуелсіз еліміздің ең алғашқы ерекше белгісі болып табылатын ұлттық валютамыз теңгені тереңірек таныстыру, оның шығу тарихы, маңызы мен қолданылу аясын түсіндіру. Сонымен қатар, сөздік қорын арттырып, экономикалық терминдерді дұрыс қолдана білуге үйрету, ұлттық валютаға деген құрмет пен туған жерге деген сүйіспеншілікті о ... Читать дальше »

Просмотров: 66 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 14.11.2024 | Комментарии (0)


Раздольное ауылдық кітапханасында Ұлттық валюта күніне арналған «Теңге - мемлекет келбеті» ақпараттық дерекнамасы өткізілді. Іс-шарада қаржы саласының маңыздылығы көрсетіліп, экономикалық сауаттылықты арттыруға, жастарды өз елінің валютасының тарихын білуінің маңызы талқыланды.
Мақсаты: теңгенің тарихын, оның алғашқы үлгілерін, дизайнын және жылдар бойғы өзгерістерін көрсету, сондай-ақ ұлттық валютаны құрметтеуге тәрбиелеу.
Іс-шараға Раздольное ауылдық жалпы білім беретін мектебінің 5 «А» сынып оқушылары қатысып, Ұлттық валюта күніне арналған тақпақтар оқып, көрмедегі экспонаттармен танысты.

В Раздольненской сельской библиотеке было проведено информационно-познавательное меропри ... Читать дальше »

Просмотров: 47 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 14.11.2024 | Комментарии (0)


Өлеңді ауылының кітапханасы Ұлттық Валюта күніне орай тұрақты оқырмандарының қатысуымен «Кім миллионер болғысы келеді?» атты конкурс-викторина өткізді.
Іс-шараның мақсаты: оқырмандардың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту, қаржылық сауаттылықтарын қызықты кітаптар мен ойындар арқылы арттыру.
Іс-шара барысында төл теңгенің тарихы, ұлттық теңгенің айналымға кіруі, оның қалай және кімдер жасағаны туралы мәлімет беріліп, қысқаша бейнебаян көрсетілді. Алғашқы айналымға шыққан теңгелердің сурет көрмесі ұйымдастырылып, қаржылық сауаттылық тақырыбына арналған кітаптар ұсынылды. Өткізілген іс-шара барысында қызықты сұрақтар қойылып, викториналық сайыс ... Читать дальше »

Просмотров: 73 | Добавил: naurzum-cbs | Дата: 14.11.2024 | Комментарии (0)

« 1 2 ... 22 23 24 25 26 ... 178 179 »
Мы в социальный сетях