Науырзым ауылдық кітапханасында әнші, қазақтың халық әртісі Бибігүл Төлегенованың 95 жылдығына орай «Аңызға айналған әнші» атты ұлағат сағаты өткізілді. |
Фариза Оңғарсынованың 85 жылдығына орай Раздольный ауылдық кітапханасында «Бір сезім жанарында елжіреген» атты поэзия кеші ұйымдастырылды. Бұл шараның мақсаты — оқушыларды қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын Фариза Оңғарсынованың бай шығармашылық мұрасымен таныстырып, олардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру. |
Науырзым аудандық балалар кітапханасы «Анықтамалар балалар баспасөзінде» атты баспасөз сағатын өткізді. Іс-шара балаларға арналған танымдық-ақпараттық журналдар мен газеттерге арналып, олар оқушыларға не үшін қажет, қандай басылымдар бар және қазіргі компьютер мен интернет дәуірінде олардың орны қандай екенін атап өтті. |
Ертегіні бәрі жақсы көреді: оны ересектер де, балалар да ұнатады. Біз одан мейірімділікке, ізгілікке, достыққа және еңбекқорлыққа үйренеміз. Әсіресе, ертегіні тек тыңдап қана қоймай, көзбен көру де ерекше әсер қалдырады, себебі бұл оның сиқырлы әлеміне тереңірек енуге мүмкіндік береді. |
Шилі ауылдық кітапханасында “Әйел құқығы мен қауіпсіздігі” тақырыбымен дискуссиялық подиум өткізілді. Мақсаты: қоғамдағы әйел затының рөлін көрсету; қадірін түсіндіріп, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу. Іс шараға ауыл әкімі Бірмағамбетова Г.Р., әкімшілік, мәдениет қызметкерлері және де ұстаздар қатысты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сүйеніп, әлемде әрбір үшінші айел зорлық-зомбылықтың құрбаны болатыны туралы айтылды. Сонымен қатар елімізде бейресми статистика әрбір оныншы әйел осы қиындыққа ұшырайтынын көрсетеді. Дискуссия барысында еліміздегі барлық азаматтарға психологиялық,консультациялық көмек берілетіні айтылды. Және де еліміздің президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2024 ... Читать дальше » |
Науырзым аудандық кітапханада «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенділік» акциясы аясында «Зорлық-зомбылықсыз әлем» тақырыбында Докучаев жалпы білім беретін мектебінің 10 сынып оқушыларымен диалог алаңы өтті. Шара жасөспірімдер арасындағы қысым көрсету, қылмыстық әрекеттерді алдын алуға бағытталған. Шараның мақсаты - тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, оның жолын кесу.Қабылданып жатқан шаралар туралы азаматтарды хабардар ету. Қоғамдағы отбасының рөлін нығайту мен құқықтық тәрбиені насихаттау. Шара барысында Науырзым ауданының полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция аға лейтенанты Ауесханова Динара Бей ... Читать дальше » |
Гендерлік зорлық-зомбылық – қоғамның назарын ерекше аударуды қажет ететін өзекті әлеуметтік мәселе. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, оның көрсеткіштері жыл сайын артып келеді. Дәмді ауылдық кітапханасында «Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз» атты ақпараттық сағат өткізілді. Іс-шараға ауыл мектебінің психологы қатысты. Көбінесе жәбірленушілер нәзік жанды әйелдер қауымынан болғандықтан, олардың құқықтарын қорғау басты назарда болды. |
«ОқыЖәнеЖең» облыстық онлайн-байқауының Науырзым ОКЖ «Кітап оқып, рухани бай бол» жобасы аясында қатысушыларымен кездесу. |
Науырзым аудандық балалар кітапханасында балалардың құқықтары туралы түсінік қалыптастыру, олардың сақталуын бақылау және өз құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат беру мақсатында Докучаев атындағы ЖББМ-нің 10-сынып оқушылары үшін «Менің құқықтарым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. |
«Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенділікке» орай Өлеңді ауылдық кітапханасы өз оқырмандарына «Әйел бейнесі – қоғам бейнесі» тақырыбында акция өткізді. По случаю «16 дней активности против гендерного насилия» Улендинская сельская библиотека провела ак ... Читать дальше » |