Главная » 2023 » Октябрь » 27 » «Жыл кітапханашысы-2023»
09:17
 «Жыл кітапханашысы-2023»


26 қазан күні аудандық орталық кітапханада  «Жыл кітапханашысы-2023» байқауы өткізілді. Байқауға аудандық және ауылдық кітапхана қызметкерлері қатысты. 
Байқаудың басты мақсаты: кітапханашылардың шығармашылық жетістіктерін айқындау, еңбектің жаңа формалары мен әдістерін енгізуге ықпал ету,  кітапхана мен оның қызметкерлері яғни кітапханашылардың иммиджін нығайту.   
Бас жүлде иегері «Жыл кітапханашысы-2023» Аралбаева Айгерім Базарбайқызы аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы.«Ізденімпаз кітапханашы» Вовченко Айнагүл Төлегенқызы Шолаксай ауылдық кітапханасының кітапханашысы; «Кітап қорының үздік кітапханашысы» Қорғанбекова Анар Ормантайқызы әдебиетерді өндеу бөлімінің кітапханашысы; «Жаңашыл кітапханашы» Нүрсейтова Жібек Мырзағалиқызы аудандық кітапханасының кітапханашысы; «Инабатты кітапханашы» Сарсенбаева Жанар Сахабайқызы аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы; «Көрермен көзайымы» Казыбакова Айгүл Бақытқызы Мереке ауылдық кітапханасының кітапханашысы; «Өнерлі кітапханашы» Мухтарова Әсем Аңсағанқызы балалар кітапханасының кітапханашысы номинацияларына ие болды. Барлық байқауға қатысушылар мадақтамамен сыйлықтармен марапатталды.


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 28 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях