Главная » 2018 » Октябрь » 16 » Жолдаудан халық қолдау тапты
15:49
 Жолдаудан халық қолдау тапты

Аудандық кітапхананың конференц залында ҚР Президентінің 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына жолдауын түсіндіру және талқылау бойынша жиын өтті. Жиынға Науырзым аудандық мәслихатының хатшысы Г.Е. Әбенова қатысып, жиналған мәдениет саласының қызметкерлеріне Елбасының халыққа Жолдауы жайында тереңірек мағлұмат берді.

Елбасының Жолдауы жайында өз пікірлерімен аудандық тілдерді оқыту орталығының директоры Ж.С. Тасанова, аудандық кітапхана жүйесінің директоры Б.Т. Тасқымбаева бөлісті. Жиналысқа төрағалық етушы Г.К. Ақсауытова : «Елбасының Жолдауы жыл сайын дәстүрге айналған жақсы үрдіс.Дегенмен, осы жолғы жолдау менің ерекше көңілімнен шықты. Мемлекет басшысы қазақстандықтардың әл-ауқатының маңызды негізі ретінде әлеуметтік салаға, зейнетақымен қамсыздандыруға және адами капиталды дамытуға ерекше назар аударды» дегенді айтты.

Өз кезегінде сөз алған мәслихат хатшысы: «Мұғалімнің мәртебесін көтеру туралы Елбасының айтқан сөзі бәріміздің көңілімізден шығып, үлкен қуанышқа бөледі. Өйткені мұғалімдердің мәртебесін көтеру – елдің мәртебесін көтеру. Болашақ ұстаз да, дәрігер де, инженер де, біздің еліміздің болашағын жасайтын кадрлардың бәрі мұғалімнің, ұстаздың қолынан шығады.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауы – бас көшбасшысының көрегендігін кезекті рет көрсетті. Бұрынғы Жолдау­ларында ол елді экономикалық және саяси тұрғыдан жаңғыртуға күш сал­ған болса, енді Қазақстан аза­мат­­тарының тұрмыс-ахуалын арт­тыруды көздеген әлеуметтік шара­лар жасау тұрғысындағы мақса­т­тар­ды белгілеп отыр.

Тағы бір қуантарлық жайт: жолдауда атап көр­сетіліп, Үкіметке тапсырма ретінде беріл­ген – білім және денсаулық сақтау саласын жетілдіру, еңбекақыны көбейту, халық табысын арттыру, мем­лекеттік қызмет көрсетулердің жақ­саруы – міне, адам капиталын ин­вес­тициялауға жасалған осы шара­лар­дың бәрі қазақстандықтардың өмір са­пасының артуына кепіл болары сөз­сіз» деп сөзін қортындылады Г.Есенғалиқызы.


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 394 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях