Главная » 2024 » Январь » 17 » «Жаңа әліпби биік шыңдарға жетелейді!» дөңгелек үстелі
11:36
 «Жаңа әліпби биік шыңдарға жетелейді!» дөңгелек үстелі


Өлеңді ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Жаңа әліпби биік шыңдарға жетелейді!» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
 Іс-шараның мақсаты: Оқырмандарға қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуінің маңыздылығы туралы түсіндіру, латын графикасы негізінде қазақ әліпбиін енгізу перспективалары туралы пікір алмасу.
Іс-шараға Өлеңді негізгі орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алия Асқарқызы Жақсымбетова, ауыл әкімдігінің бас маманы Арман Талғатұлы Бекмағанбетов, ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Мафтуна Самиддинова және ауылдық кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты.
 Кітапханашы жиналған қауымға іс-шараның мақсаттары мен міндеттері, қазақ тілінің латын әліпбиіне көшу перспективалары туралы қысқаша мағлұмат берді. 
Бұдан әрі қатысушылар қазақ жазуының дамуы, әліпбиді қабылдаған басқа түркі елдерінің тәжірибесі туралы пікірлермен бөлісті.
Іс-шара жаңа әліпбидің иллюстрациялық мысалдарымен, эсселермен және газет мақалаларымен сүйемелденіп, оқырмандар назарына Президенттің Жолдауы ұсынылды. 
Шара соңында қатысушылар Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму стратегиялары алдыңғы қатарлы технологиялармен, ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерімен тікелей байланысты екендігі жайлы тоқталып, осы ғаламдық құбылыстар латын әліпбиін көбірек талап ететіндігі жайлы түйіндеме жасады.

 

Улендинская сельская библиотека организовала круглый стол под названием «Жаңа әліпби биік шыңдарға жетелейді!».
 Цель мероприятия: разъяснение читателям о важности перехода казахского языка на латинский алфавит, обмен мнениями о больших перспективах нового алфавита.
В мероприятии приняли участие учитель казахского языка и литературы средней школы Жаксымбетова Алия Аскаровна, главный специалист акимата села Бекмаганбетов Арман Талгатович, преподаватель английского языка Мафтуна Самиддинова и постоянные читатели сельской библиотеки.
 Библиотекарь проинформировала собравшихся о целях и задачах мероприятия.
Далее участники поделились знаниями о развитии казахской письменности, опыте других тюркских стран, принявших алфавит.
Мероприятие сопровождалось иллюстрированными примерами нового алфавита, эссе и газетными статьями, так же, вниманию читателей было представлено Послание Президента. 
В завершение мероприятия участники остановились на том, что стратегии индустриально-инновационного развития Республики Казахстан напрямую связаны с передовыми технологиями, новыми достижениями науки и техники, а такие мировые этапы развития требуют внедрения именно латинского алфавита.


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 34 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях