Главная » 2020 » Июнь » 16 » «Қымыз – ұлы даланың, ұлы қазынасы»
17:12
 «Қымыз – ұлы даланың, ұлы қазынасы»

Әр ұлттың қазығы – салт-дәстүрі. Қазығынан айырылған елдің болашағы жоқ. Қай халықтың болмасын салт-дәстүрі, сол халықтың мінез құлқын, қасиетін таныта алады. Қазақ халқының салт-дәстүрлері тіршілік кәсібіне, наным-сеніміне, өмірге деген көзқарастарына байланысты, ұрпақтан-ұрпаққа берілгенде, ауысып, өзгеріп, жаңарып отырады. Тұңғыш елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақ халқының салт-дәстүрлерін дәріптеу мақсатында  Науырзым аудандық орталық кітапханасында 11 маусым күні «Қымыз-ұлы даланың,ұлы қазынасы» тақырыбында мағыналы іс-шара өтті. Іс-шарамыздың мақсаты жеті атамыздан келе жатқан салт-дәстүрімізді, әдет ғұрпымызды, келешек ұрпаққа жеткізсек деген ой. Салт-дәстүрдің ұрпақ тәрбиесіндегі мәні ерекше.

Қымыз - қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең бағалы дастархан дәмінің бірі. Жамбыл атамыз: «Ауруға ем, сауға қуат, дәрі қымыз»-дегендей, қымыз дертке шипа, денеге күш. Оның бұлай болу себебі жылқы жануарының өзіне ғана тәң асыл қасиетінен болса керек. Адымы кең, өрісі ұзақ сәйгүлік саңлақтар, қазақ даласының кең байтақ жайлауын емін еркіндеп, дәмдіден дәмдіні, қоректі мен құнарлыны ғана тереді, өсімдіктің шұрайлысын ғана үзеді. Сөйтіп, кең даланың сан алуан шөптерінен жылқы жарықтық адамға шипалы, жағымды тамақтық заттарды өз бойына сіңіреді деуге болады. Салт-дәстүріміздің бірі «қымызмұрындық»-бірлікті бекемдейтін мереке. Ол жылына екі рет тойланады. Алғашқысы: қымыз қоры молайған кезде ағайын-туыс, көрші қолаңға дастархан жайылса, кейін, қымыз маусымы таусылар сәтте жасалады. Яғни, алғашқы қымыз адамдарға салтанатпен ұсынылып, «көпке бұйырсын» деген тілекпен беріледі. Іс-шарамыздың арнайы шақырылған қонақтары: Науырзым ауданы әкімінің орынбасары Айсағалиев Еркін Жәрдембекұлы, «Түркебай» мешітінің бас имамы, қажы Ғабділмәлік Есет Сейітқалиұлы, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Бимағанбетов Оразғали Әмірғалиұлы және мешітіміздің алқа мүшелері. Іс-шара соңында «қымызмұрындық» салтымен қонақтарымызға қымыз ұсынылды.

 


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 332 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях