Главная » 2018 » Сентябрь » 21 » «Тіл бірлігі-халықта»
12:26
 «Тіл бірлігі-халықта»

Тіл, сөз дегеніміз – ата-бабамыздан келе жатқан ел дәстүрі. Бұл дипломатиялық құрал халықтың бүкіл сана-парасатын, биіктігі мен тереңдігін паш ететін үлкен өнері.Тіл – адамдар арасындағы қасиетті қатынас құралы. Тілсіз қоғам жоқ. Бұл екі нәрсе бір-бірінсіз өмір сүрмейді. Қай халықтың болса басынан өткендері, қилы кезеңдері, өз ана тілі арқылы бір-біріне жалғасқан. 21 қыркүйекте аудандық орталық кітапханасында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне арналған «Тіл бірлігі-халықта» атты іс-шара Жамбыл орта мектебінің 10 сынып оқушыларымен өткізілді. Іс-шараға осы тақырыпқа байланысты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Тілдер туралы бейнеролик көрсетіліп, оқушылармен шағын сұрақ-жауап өткізілді. Мерекелік іс-шара соңы оқушылардын қатысуымен караоке «Ана тілім тұғырым» әнімен аяқталды. Іс-шараны өткізген қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Кульбабенова Айман Шайкемалқызы және оқырман залының кітапханашысы Шәкібаева Балмекен Ахметқызы.


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 421 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях