Главная » 2021 » Декабрь » 9 » «Тәуелсіздік тұтқасы– бізге аманат»
22:31
 «Тәуелсіздік тұтқасы– бізге аманат»


Бүгін 9 желтоқсан күні Аудандық орталық кітапханасында Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына және Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік тұтқасы – бізге аманат» тақырыптық кеші болып өтті. Осыған орай кітап көрмесі ұйымдастырылып, таныстырылды. Кеш барысында 1986 жылғы Желтоқсан айында алаңға бейбіт шерумен шыққан жастарға жасалған Кеңес империясының зорлық-зомбылық әрекеттері жайлы бейнебаян көрсетілді. Іс-шараны Науырзым ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Амиров Нұрлан Құрманғалиұлы ашты.  
Науырзым аудандық Ветеринарлық станциясының басшысының уақытша міндетін атқарушы Ахметжанов Д. А. өз авторлық өлеңін оқыды. «Түркебай» мешітінің алқа мүшесі Халықов Ж. Х. Желтоқсан оқиғасы жайлы тебірене сөз қозғады. Санаулы ғұмырын жас ұрпаққа білім беруге арнаған зейнеткер ұстаз Әбенова Р. М. Тәуелсізіктің құрдастарына Тәуелсіз Қазақстан ұғымын саралап түсіндіріп, барша қонақтарды мерекемен құттықтап, өз лебізін білдірді. Тақырыптық кештің арнайы шақырылған қонақтары:  Науырзым аудандық сотының төрағасы Амиров С. М., Ардагерлер Кеңесінің төрағасы Қоржумбаев Т. Б., Нұротан халықтық партиясы Науырзым аудандық филиалының төрағасы Нөсеров Е.Ж., Науырзым ауданының тілдерді оқыту бөлімінің басшысы Тасанова Ж.С., Науырзым ауданы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Тасанов Д. М.,  Жастар ресурстық орталығының басшысы Алин Т.Ж., сондай-ақ, Тәуелсіздіктің төл құрдастары Күмісбеков Е. Х., Ермағамбетов А. Н., Қосмағамбетова А.Н., Ташмағамбетова З.О. қатысты.


Сегодня, 9 декабря, в Наурзумской районной библиотеке прошел тематический вечер «Тәуелсіздік  тұтқасы– бізге аманат», посвященный 35-летию Декабрьских Событий и 30-летию Независимости. В связи с этим была организована и презентована книжная выставка. Мероприятие открыл временно исполняющий обязанности акима Наурзумского района Амиров Нурлан Курмангалиевич.  
Временно исполняющий обязанности руководителя Наурзумской районной ветеринарной станции Ахметжанов Д. А. прочитал свое авторское стихотворение. Член коллегии мечети «Туркебай» Халыков Ж. Х. с трепетом рассказал об истории трудных времен и поделился воспоминаниями о тех трудных годах. Педагог-пенсионер Абенова Р. М., посвятившая свою жизнь передаче знаний молодому поколению, поздравив всех гостей с праздником, рассказала какой глубокий смысл сокрыт в великом слове «Независимость» . 
На мероприятии, так же, присуствовали специально приглашенные гости тематического вечера: председатель Наурзумского районного суда Амиров С. М., председатель Совета ветеранов Коржумбаев Т. Б., председатель Наурзумского районного филиала народной партии НурОтан Нусеров Е. Ж., руководитель отдела обучения языкам Наурзумского района Тасанова Ж. С., руководитель Центра обслуживания населения по Наурзумскому району Тасанов Д. М., руководитель Молодежного ресурсного центра Алин Т. Ж., а также ровесники Независимости Кумисбеков Е. Х., Ермагамбетов А. Н., Космагамбетова А. Н., Ташмагамбетова З. О.


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 123 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях