Главная » 2023 » Октябрь » 5 » «Ұстаздар күні кітапханада» кездесу кеші
16:20
 «Ұстаздар күні кітапханада» кездесу кеші


Жылда жаңа оқу жылымен қатарлас келетін Ұстаздар күніне орай, Науырзым аудандық балалалар кітапханасы «Ұстаздар күні кітапханада» атты кездесу кешін ұйымдастырды.
Шара басында кітапханашылар атаулы мерекенің адамзат тарихында орны бөлек екендігін атап өтіп, ұстазға деген құрмет, ізеттің әрдайым ерекше екендігін атап өтті. Шараның құрметті қонақтары ретінде ұстаздық саласының ардагерлері: Әбенова Роза Мінайдарқызы, Есімтаева Жұлдызай Ғабдолловна, Денисова Татьяна Алексеевна, Тимошенко Юрий Алексеевич, Оразова Ляззат Қайырғалиевна, Сейтенова Гүлшат Жұмабаевна, Оразбаева Гүлзейнеп Оспанқызы, Хамзина Рыскелді Мұхтарқызы шақырылды.
Кеш бағдарламасына сәйкес «Жасырылған көздер» логикалық байқауы, қатысушылардың бір-біріне деген асыл лебіздерінен құралған «Тілектер гүлшоғыры» айдары ұйымдастырылды. Сондай-ақ, меймандар студенттік қызыққа толы шақтарындағы елеулі сәттерімен, алғашқы еңбек жолдары жайлы, білім саласындағы жеткен жетістіктерімен «Сұрақ-жауап» сұхбатында бөлісе өтті. Шара мақсаты: «Ұстаздар күні» мерекесін мерекелеу және ұстаз мәртебесін арттыру. Ұстаздар арасындағы сыйластықты насихаттау арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

 

В честь Дня учителя Наурзумская районная детская библиотека  организовала вечер встречи «День учителя в библиотеке».
В начале мероприятия ведущие отметили, насколько особое место занимает этот праздник в истории человечества. Почетными гостями были приглашены ветераны педагогической сферы: Абенова Роза Минайдаровна, Есимтаева Жулдызай Габдулловна, Денисова Татьяна Алексеевна, Тимошенко Юрий Алексеевич, Оразова Ляззат Каиргалиевна, Сейтенова Гульшат Жумабаевна, Оразбаева Гульзейнеп Оспановна, Хамзина Рыскелды Мухтаровна.
В соответствии с программой вечера был организован логический конкурс «Скрытые глаза», рубрика «Букет желаний», которая состояла из благородных пожеланий участников друг другу. 
В интервью «Вопрос-ответ» гости, так же, поделились теплыми воспоминаниями студенческого времени, о первом трудовом пути и о своих достижениях в сфере образования. 
Цель мероприятия: празднование Дня учителя, развитие позитивного эмоционально-ценностного отношения между учителями.


 Телеграм             Инстаграм             Ютуб-канал             Одноклассники

Просмотров: 99 | Добавил: naurzum-cbs | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Мы в социальный сетях